ШЕТ ЕЛ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ НЕДЕ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ?

26-12-2013, 08:45
Бұл жолғы әңгіме бір топ қазақстандық профессор-оқытушының шет елдік ЖОО-ларға «Үздік оқытушы - 2011» гранты бойынша іс-сапары жайында болмақ. Бұған дейін Германия, Австрия және Швейцария елдерінің университеттерінде болып, олардың оқу жүйелерімен толық хабардар болсақ, енді Германияға ғана емес, Франция және Нидерланды елдеріне де жол тарттық. Бұл елдердің оқу жүйесімен және білім ордаларымен жақын танысу, олардың ерекшеліктерін өз көзімізбен көріп, бағалау бізді ерекше қызықтырды. Оның үстіне бұл жолы біздің алдымызда қолданбалы бағытта жұмыс жасайтын зерттеу университеттерінде болып,

Бөтен елде әрбір қадамымыз біз үшін сын

26-12-2013, 08:44
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың психология кафедрасы ғылыми-зерттеушілік жұмыстары мен ғылыми жобаларды жүзеге асырушы орталық болып табылады. Психологияның университет қабырғасында өркендеуі 1947 жылдан бастау алады. Ал оның ең алғаш 1980 жылы кафедра болып қалыптасуының өзі психология ғылымындағы елеулі өзгерістерінің бірі болып қала бермек. Бүгінгі күні бұл қасиетті жалпы және этникалық психология кафедрасында бірқатар психология ғалымдары, профессорлар, докторлар, кандидаттар, доценттер, докторанттар мен аға оқытушылар қызмет етеді. Атап айтсақ, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Джакупов, Д.Д.

Болгария мен Қазақстан арасындағы академиялық байланыс

26-12-2013, 08:43
Біздің Болгарияға сапарымыз барысында Стамбулдан өтіп, Софияның аспанынан ұшақпен қалықтағандағы алған әсеріміз керемет болды. Жарқырап созылып жатқан қала бізге Еуропаның сәнді сарайларын елестетті. Әуежайға келгенде бізді Болгария мен Қазақстанның арасында оқу-мәдени жұмыстарын жүргізуші Виолета Добичина құшақ жая күтіп алып, біз тұратын қонақүйге алып келді. Болгарияға алғаш қадам басқан күнімізден бастап елімізге оралғанға дейін барлық оқу және ғылыми мәселелер бойынша демеу болып отырды. Әлі таныс емес қала бізге сондай ғажайып көрінді. Барлық ғимараттары ескі үлгіде салынған, зәулім

Сеул сапарынан үзік сыр

26-12-2013, 08:42
Еліміздің Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық орнатуда жетістіктері мол. Қазақстан мен Корей Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 20 жылдан асып отыр. Екі ел ынтымақтастықты нығайту жөнінде нәтижелі жұмыстар атқарды. Сондай-ақ білім беру жүйесі бойынша, 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев Корей Республикасы, Донггук университетінен келген делегаттармен кездесті. Кездесу барысында университеттердің арасындағы ынтымақтастық бағытын, студенттер мен оқытушы айырбастау бойынша академиялық бағдарламаларды

Әлемдік білім кеңістігіне апарар жол

19-12-2013, 08:34
Үздік нәтижеге қол жеткізу – ҚазҰУ ұжымының негізгі ұстанымы. Кәсіби білікті маман ретінде өз білімін жетілдіру, отандық және шетелдік тәжірибені білу және қолдану да ҚазҰУ қызметкерлеріне қойылар талаптың бірі екені баршаға аян. Осы тұрғыда оқытушы-профессорлық құрамның әрбір мүшесінің, кафедра мен факультеттің сан-салалы қызметі мен жетістіктерін саралаудың мәні аса зор. Себебі университеттің мәртебесі мен табыстары ұжым еңбегімен тікелей байланысты. ҚазҰУ-да жыл сайын екі рет жүргізілетін индикативті жоспар мен бір рет қорытындыланатын рейтингтік жүйе осы мақсатта жүйеге қосылған болатын.

Тиімді тәжірибе қарлығаштары

19-12-2013, 08:34
10 маусымдағы кезекті ректорат отырысында сертификат табыстау рәсімі орын алды. Мұнда оқытушы-профессорлар құрамының, қызметкерлердің жетістіктері, студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында атаулы шәкіртақылар ұсыну, өзге де игі шаралар дәстүрге айналғаны белгілі.Бұл жолы Гази университетінің студенттері марапатталды. Сөз алған мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі Анаркүл Салқынбай академиялық ұтқырлық бағдарламасының студенттерге зор мүмкіндік сыйлап отырғанын алға тартты. Түркия елінің тәлімгерлері біздің университетке үлкен қызығушылық танытып келген. Олар ақпан және маусым

ҚазҰУ қызметкерлері біліктілігімен лайықты

19-12-2013, 08:34
Білім беру қызметінің жоғары сапасы – ҚазҰУ-дың басты корпоративті құндылықтарының бірі. Кәсіби білікті маман даярлау үшін университеттегі оқытушылармен қатар,қызметкерлер деңгейі де жоғары болуы шарт. ҚазҰУ қызметкерінің білімі мен білігін анықтаған аттестация өз мәресіне жетті. Кешегі ректорат мәжілісінде оның қорытындысымен Кадр және мұрағат істері басқармасының басшысы Айнұр Сатылғанқызы таныстырды. «Әлемдік басқару тәжірибесінде соңғы 20-30 жылда қызметкерлерді аттестациядан өткізу шешімі белең алды. Осы бағытта біздің университет алғашқылардың бірі болып, өз қызметкерлерін 3 сатыдан –

ҚазҰУ кәсіби маман даярлайды

19-12-2013, 08:33
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясы ­– қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жоғарғы оқу орындарына жаңа талап қойғаны белгілі. Ол ЖОО-ларға барлық мамандықтарға арналған білім беру бағдарламаларын түбегейлі қайта қарастырып, күні өткен ескілерінің орнына толыққанды маман даярлауға аса қажеттілерін енгізу керектігін шегелеп айтқан болатын. Осыны басшылыққа алған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да заман талабына сай өзгерістер енгізіп, негізгі оқу жоспарын қайта қарастыруды қолға алды. 1 сәуірдегі ректорат мәжілісінде осы бағытта атқарылып

Ұжымдық бірлік – биік кәсіби деңгей

19-12-2013, 08:33
Ұжымдық мәдениет пен бірлік университеттегі жалпы көңіл-күй мен қызметке тікелей әсер етері анық. Заманауи үздік маман даярлау үдесінен шығу үшін, ең алдымен, ұжымның кәсіби деңгейін бағалау маңызды. Осы мақсатта білім мен ғылымның қара шаңырағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Оқытушы әріптестер көзімен» атты сауалнама жүргізіліп келеді. Осы аптадағы кезекті ректорат мәжілісінде Әлеуметтанулық зерттеу және әлеуметтік инжиниринг орталығының директоры Гүлмира Серікқызы аталмыш сауалнама нәтижелерімен таныстырды. Сауалнама 25 наурыз бен 5 сәуір аралығында он-лайн түрінде өтті. Биыл екінші жыл

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить