» » ШЕТ ЕЛ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ НЕДЕ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ?

ШЕТ ЕЛ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ НЕДЕ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ?

Бұл жолғы әңгіме бір топ қазақстандық профессор-оқытушының шет елдік ЖОО-ларға «Үздік оқытушы - 2011» гранты бойынша іс-сапары жайында болмақ. Бұған дейін Германия, Австрия және Швейцария елдерінің университеттерінде болып, олардың оқу жүйелерімен толық хабардар болсақ, енді Германияға ғана емес, Франция және Нидерланды елдеріне де жол тарттық. Бұл елдердің оқу жүйесімен және білім ордаларымен жақын танысу, олардың ерекшеліктерін өз көзімізбен көріп, бағалау бізді ерекше қызықтырды. Оның үстіне бұл жолы біздің алдымызда қолданбалы бағытта жұмыс жасайтын зерттеу университеттерінде болып, олардағы зерттеу бағыттары мен жұмыстарының ұйымдастырылу ерекшеліктері, технопарк, бизнес-инкубатор сияқты талай рет естіп жүрсек те, бізге әлі жетене таныс емес дүниелерді көзбе-көз көру мақсаты тұрды.

Біздің алғашқы кездесуіміз Германияның Дюсельдорф қаласынан басталды. Оның өзіндік себебі де бар. Жалпы технопарктың Отаны деп АҚШ қабылданатыны белгілі, оған дәлел Силиконды дала. Осыған қарамастан, Германияда технопарктар өте көп шоғырланған, олардың саны 400-ден асып жығылады және бұндағы 156 технопарк бір Ассоциацияға біріккен. Технопарктардың басым бөлігі осы біз барған Дюсельдорф қаласында орналасқан болып шықты. Ал ең ірі технопарк Дортмундта екен, бұл технопарк бұрыңғы металлургия комбинатының территориясына, соның орнына орналасыпты. Германияның қолданбалы бағытта жұмыс жасайтын университеттері қолданбалы ғылыммен ғана айналысады және бұлардың өзіндік қаржыландыру және қолдау жүйелері бар. Айта кететін нәрсе, іргелі ғылым саласы тек қана классикалық университеттердің еншісінде. Қаржыландыру жүйесіндегі ақша университеттің оқытушы-профессорларынан құралған конкурстық комиссияның шешімі бойынша және конкурстық жүйеге сәйкес жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарына бөлінеді. Сонымен қатар, әртүрлі көрмелер ұйымдастырылып, оған ірі компаниялар шақырылып және көрмеде университтеттің соңғы ғылыми жетістіктері көрсетіледі. Соңғы уақытта ғылым технологиясының трансфері өзгерген, қолданбалы зерттеулердің 95-99%-ы әртүрлі компаниялармен, муниципальды ұйымдармен және т.б. біріге отырып орындалады. Қолданбалы саладағы университеттерде қызмет ететін оқытушылардың ішіндегі ғылым кандидаттарының өндіріс саласында 5 жыл қызмет істеген тәжірибесі болуы міндетті, ал ғылым докторларына мұндай талап қойылмайтын көрінеді. Тағы да бір көңіл аударатын нәрсе, профессорлардың әкімшілік жұмыстан толық босатылуы. Студенттердің білімін қай бағытта және қалай дамыту керек деген мәселелер Сауда палаталарымен біріге отырып талқыланады, әсіресе дуальды (оқыту + тәжірибе) оқыту жүйесіне ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай оқыту жүйесі бойынша студент университетте де оқиды, өндіріс орнында да жұмыс істеп тәжірибе жинақтайды, яғни осылайша теория мен тәжірибе тығыз байланысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқуының соңында студент бакалаврдың дипломына қосымша, өндіріс орны көрсеткен мамандық бойынша квалификацияны да алып шығады.

Жалпы Германияда маман дайындау мәселесіне 640 мыңдай өндіріс орны қатысады, мұндағы мақсат оқушылардың, мейлінше, қысқа мерзімде мамандық алуын қамтамасыз ету. Германияда инженер-мамандар өте тапшы, сондықтан осы мамандық бойынша білім алатын студенттерге жеңілдіктер қарастырылған, атап айтсақ, оларға пайызсыз несие беріледі, егер студент өте жақсы оқыса, ол алған несиесінің жартысын ғана төлейді, ал егер де ол жақсы оқып қана қоймай, өзі жақсы жұмыс тауып орналасса, онда студент өз оқуы үшін алған несиесінің төрттен бірін ғана төлейді.

Біз алдыңғы қатардағы, нөмірі бірінші болып саналатын Рейн-Вестфальдық Аахен университетінде болғанда бұл университетке қабылданушыларға өте қатаң талаптар қойылатынын байқадық. Мұндағы магистратураның үш типін атап айтуға болады: 1) бакалавриаттан кейін бірден жалғастыратын; 2) басқа мамандық бойынша; 3) мамандығы бойынша біліктілігін көтеретін. Үшінші типінде - бакалавриаттан кейін 1 не 3 жылдай жұмыс істеп, содан соң магистратураға түсетіндер оқиды. Ал мұндағы оқу жоспарлары жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен жасалады екен.

Нидерланды елінің ең ескі қаласы Маастрихта орналасқан және өткен ғасырдың 70-ші жылдарында ашылған осы елдегі ең жас - Маастрих университетінде болдық. Бұрынырақта Маастрих қаласында көптеген шахталар болған екен, тиімсіз болғандықтан олар кейінірек жабылып қалады да, қалада мамандарды қайта дайындау мәселесі өзекті орын алады. Осыған орай, мамандарды қайта дайындау мақсатында университет ашылады. Бұл университетте қабылдау емтиханы деген жоқ және студенттердің 35%-ышетелдіктер. Оқу ақылы және шетелдіктер үшін жергілікті студенттерге қарағанда қымбатырақ. Негізгі акцент оқу сапасы мен оқытудағы лидерлікке бағытталған. Студенттердің ғылыми жұмыстарына өте көп көңіл бөлінеді және оларды коммерциализациялауға ұсынысты арнайы Эксперттік кеңес беретін көрінеді. Студенттердің басым бөлігі оқуларын бітіре салысымен өз компанияларын аша алады (әсіресе, осы университетті IT-мамандығы бойынша бітіре салып компаниялар ашып, жақсы қызмет етіп жатқан бітірушілері көптеп саналады екен) және бұған университет өте үлкен мән беріп, бітірушілерінің бірден практикалық жұмысқа кірісіп, коммерциализация процесіне тез араласып кетуін негізгі мақсат ретінде қарастырады. Биотехнология және материалтану мамандығы бойынша құрылған spin-of компаниялары да көптеп саналады. Университет инновацияларын өндіріске енгізумен тікелей айналысатын технологиялық брокерлердің болуы - университетті қосымша құқықтық жауапкершіліктен босататын көрінеді. Университеттің 2 кампусы бар, біреуінде – кітапхана, бизнес-инкубатор орналасқан, ал екіншісі – химиялық өндіріс орнының жанында орналасқан, яғни ашық инновация деуге болады.

Францияның астанасы Париж қаласында 18университет, 469 қоғамдық лицейлер мен профессионалдық жоғары мектептер орналасыпты. Біз Paris Sud 11 университетінің d’Orsay – ғылым факультетінде болдық. Бұл факультетте 12000 студент оқиды екен, олардың ішінде шет елдіктер де аз емес көрінеді. Факультет бірқатар департаменттерден тұрса, департаменттерді ғылыми зертханалар мен оқытушылар және зерттеушілер құрайды екен.

Біз сызықты күшейткіштер зертханасында болып, ол жерде материалдардың қасиетіне радиацияның әсер етуі, радиацияның әсері арқылы рак ісіктерін жою мүмкіншіліктері және т.б. бағыттар бойынша орындалатын ғылыми жұмыстар туралы мәлімет алдық. Барған университеттердің барлығымен екі университет арасында студенттермен алмасу, оқытушылардың тәжірибе алмасу мүмкіншіліктері сияқты мәселелерді талқылап, болашақта бірігіп қызмет ету жөнінде келісім жасадық.

Әрине сапар барысында Германия, Нидерланды және Франция университеттерінің біздің қазақстандық университеттермен салыстырғандағы өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін, сонымен қатар қайсыбір ұқсастықтардың да бар екеніне көзіміз жетті. Көрген-түйгенімізден қорытынды шығарып, жақсы жақтарын екшеп, тексеріп, үйренетіні болса үйреніп, келіспейтін тұсы болса, оны да аңғаруға тырыстық. Терезесі тең ел болған соң, алды-артын асықпай аңдап, шешім қабылдау кезінде елеп-екшеп, жақсы-жаманын әбден әрі кешенді түрде зерттеп, өзімізде бар нәрсемен салыстыра отырып, тұжырым жасаған абзал сияқты. Сапардан оралғанда «жылтырағанның бәрі алтын емес» деп бабаларымыз мұра етіп айтып кеткен сөзге қашанда терең әрі пайыммен қараған дұрыс-ау деп ой түйдім.

 

Г.С. МИНАЖЕВА,

ҚазҰУ-дың аккредитациялау, рейтинг және сапаны басқару жөніндегі орталығының директоры,

Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының академигі

ШЕТ  ЕЛ  УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ НЕДЕ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ?

ШЕТ  ЕЛ  УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ НЕДЕ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ?

 

 

Добавить комментарий!

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:

Рекомендуем похожее:

Ұстаз адамның жанын емдеуші

Жақыпбек Алтайұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантының

Срайыл СМАЙЫЛ

«Жас қазақ» газетінің Бас редакторы:   «1 курста қорқып жүрдім...» Білім мен ғылымның алтын

Қос диплом бағдарламасы қаралды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Қытай Халық Республикасындағы Халықаралық

ҚАЗҰУ ШАҚЫРАДЫ!!!

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі

Назарбаев университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ынт ...

12 маусымда Астанада басталған жоғары білім беру саласы көшбасшыларының II Еуразиялық форумы

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить