» » ҚазҰУ кәсіби маман даярлайды

ҚазҰУ кәсіби маман даярлайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясы ­– қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жоғарғы оқу орындарына жаңа талап қойғаны белгілі. Ол ЖОО-ларға барлық мамандықтарға арналған білім беру бағдарламаларын түбегейлі қайта қарастырып, күні өткен ескілерінің орнына толыққанды маман даярлауға аса қажеттілерін енгізу керектігін шегелеп айтқан болатын. Осыны басшылыққа алған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да заман талабына сай өзгерістер енгізіп, негізгі оқу жоспарын қайта қарастыруды қолға алды. 1 сәуірдегі ректорат мәжілісінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың қорытынды жобасы оқу жұмысы жөніндегі проректор Уәлихан Әбдібековтің хабарламасында көрініс тапты.

«ҚазҰУ-дың негізгі оқу жоспарын дайындауда «Біз отандық білім беру жүйесіне инновациялық тәсілдерді, шешімдер мен құралдарды қарқынды енгізуіміз керек» деген Жолдауда айтылған Елбасы тапсырмасы басшылыққа алынды», ­- деді проректор Уәлихан Сейділдәұлы. Иә, «Қазақстан-2050» Стратегиясы білім берудің негізгі бағыттарын айқындап берген болатын.Алдымен, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті күшейте отырып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру қажет. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеше әріптестік жүйесінің негізінде инженерлік білім беру мен халықаралық үлгідегі сертификат табыстауға мүмкіндік беретін заманауи техникалық мамандықтар даярлау да бүгінгі күн талабы.

Аталмыш басымдықтарды негізге ала отырып, Мектеп және ҚазҰУ өз міндеттерін айқындады. Осы орайда проректор: «Мектеп бүгінгі қоғамда өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, рухани толыққан, шығармашылық әрі құзіретті, әлеуметтік белсенді Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеуге және қалыптастыруға барлық жағдай жасауды көздейді. Ал, ҚазҰУ – кәсіби маман даярлайды», - деп ой түйді.

Еліміздің бәсекеге қабілеттілігі нақты математикалық және инженерлік-техникалық бағыттағы мамандарды даярлаумен тікелей байланысты. Ол бүгінгі таңда бір сөзбен STEM білім беру жүйесі деп аталатыны мәлім. Бүгінде әлемде STEM инновациялар жаһандық мәселелерді қамтып, ауқымды шешімдер ұсынып отыр. Демек, халықаралық STEM стандартына сай емес университеттер өзге ЖОО-лармен бәсекелстікте үнемі жеңіліске ұшырамақ. Бұл қағидаттарды жақсы түсінген ҚазҰУ ұжымы негізгі оқу жоспарын ғылыми кеңесте, факультеттерде, кафедраларда жете қарастырды. Университет басшысы академик Ғалым Мұтанов бас жоспарға асқан жауапкершілікпен қарап, белсене атсалысуға шақырды. Сөйтіп, 2013-2014 оқу жылына арналған бакалавриат мамандықтары бойынша негізгі оқу жоспарларын жетілдіру жөніндегі проректор хабарламасы көпшіліктің қызу талқылауына түсті. Атап айтсақ, информатика саласында әр мамандыққа сай бағдарламаларды оқыту мәселесі кеңінен сөз болды.

Нәтижесінде ҚазҰУ-дың жаңа жоспары Еуразиялық Одақ және Назарбаев университетінің оқу жоспарымен салыстырылып, сарапқа түсті. Айырмашылықтар көп болмай шықты. Сондай-ақ бірқатар мамандықтарға интеллектуалды құқық пен инновациялық кәсіпкерлікті оқыту жаңадан ұсынылды. Қорытындысында, нақты-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтарға арналған негізгі оқу жоспары тағы бір пысықталды.

Сонымен қатар мәжілісте кафедралар мен факультеттердің бәсекелік артықшылықтарына негізделген жүзеге асыруға дайын серпінді жобаларын бекіту жөнінде декандар хабарламалары тыңдалды. Әр түрлі мәселелер қаралып, шәкіртақылар табысталды.

 

 

 

Әйгерім ӘЛІМБЕКОВА

Добавить комментарий!

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:

Рекомендуем похожее:

Әлемдік білім кеңістігіне апарар жол

Үздік нәтижеге қол жеткізу – ҚазҰУ ұжымының негізгі ұстанымы. Кәсіби білікті маман ретінде өз

Ұжымдық бірлік – биік кәсіби деңгей

Ұжымдық мәдениет пен бірлік университеттегі жалпы көңіл-күй мен қызметке тікелей әсер етері анық.

ҚазҰУ-ға қарап бой түзейді

«ҚазҰУ – отандық білім беруде көшбасшы. Оның озық  дәстүрлері мен иновациялық білім беру

ҚазҰУ жанынан медико-диагностикалық орталығы ашылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Ёнсе (Оңтүстік Корея) университеті жанындағы

Назарбаев университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ынт ...

12 маусымда Астанада басталған жоғары білім беру саласы көшбасшыларының II Еуразиялық форумы

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить