» » ҚазҰУ қызметкерлері біліктілігімен лайықты

ҚазҰУ қызметкерлері біліктілігімен лайықты

Білім беру қызметінің жоғары сапасы – ҚазҰУ-дың басты корпоративті құндылықтарының бірі. Кәсіби білікті маман даярлау үшін университеттегі оқытушылармен қатар,қызметкерлер деңгейі де жоғары болуы шарт. ҚазҰУ қызметкерінің білімі мен білігін анықтаған аттестация өз мәресіне жетті. Кешегі ректорат мәжілісінде оның қорытындысымен Кадр және мұрағат істері басқармасының басшысы Айнұр Сатылғанқызы таныстырды.

«Әлемдік басқару тәжірибесінде соңғы 20-30 жылда қызметкерлерді аттестациядан өткізу шешімі белең алды. Осы бағытта біздің университет алғашқылардың бірі болып, өз қызметкерлерін 3 сатыдан – психологиялық, жазба және ауызша сынақтан тұратын аттестациялаудан өткізді», – деді басқарма басшысы. Аттестацияны 3-26 маусым аралығында әкімшілік-басқару, оқу-көмекші, библиотека, университет қауіпсіздігі, қызмет көрсетуші қызметкерлер тапсырды. Қызметкерлердің өз мамандықтары мен міндеттері және ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің корпоративті мәдениет кодексі бойынша сұрақтар қойылып, білімі тексерілді. Нәтижесінде қызметкерлер білімі мен тәжірибесіне орай 1, 2, 3 жыл мерзімге аттестацияланды. «Атап өтерлік жайт, ҚазҰУ қызметкерлері жоғары кәсіби деңгейін танытты. Олар еліміздің жетекші университетінің қызметкерлері де оның биік мәртебесіне ар-ожданымен, еңбегімен лайықты екендіктерін дәлелдеп шықты», – деді Айнұр Мадиярова.

Ғылыми-зерттеу мен инновация, жоғары академиялық жауапкершілік, кемелдену мен шығармашылық даму, өнегелілік пен отансүйгіштік негізінде ҚазҰУ қызметкерлері болашақта да тұлға ретінде дамуы тиіс. Осылайша ой сабақтаған ректор Ғалым Мұтанұлы аттестацияның ұжымды біріктіру, ұйымдастыру үшін өткізіліп отырғанын атап өтті. Қызметкерлердің жауапкершілігі артып, ұжымымыз тату әрі білікті болғай деп тіледі университет басшысы.

Сондай-ақ ректорат мүшелері аттестация жөнінде сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.

Әйгерім ӘЛІМБЕКОВА

Добавить комментарий!

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:

Рекомендуем похожее:

Әлемдік білім кеңістігіне апарар жол

Үздік нәтижеге қол жеткізу – ҚазҰУ ұжымының негізгі ұстанымы. Кәсіби білікті маман ретінде өз

Тиімді тәжірибе қарлығаштары

10 маусымдағы кезекті ректорат отырысында сертификат табыстау рәсімі орын алды. Мұнда

ҚазҰУ кәсіби маман даярлайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясы ­– қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси

Ұжымдық бірлік – биік кәсіби деңгей

Ұжымдық мәдениет пен бірлік университеттегі жалпы көңіл-күй мен қызметке тікелей әсер етері анық.

ҚазҰУ-ға қарап бой түзейді

«ҚазҰУ – отандық білім беруде көшбасшы. Оның озық  дәстүрлері мен иновациялық білім беру

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить