» » Әлемдік білім кеңістігіне апарар жол

Әлемдік білім кеңістігіне апарар жол

Үздік нәтижеге қол жеткізу – ҚазҰУ ұжымының негізгі ұстанымы. Кәсіби білікті маман ретінде өз білімін жетілдіру, отандық және шетелдік тәжірибені білу және қолдану да ҚазҰУ қызметкерлеріне қойылар талаптың бірі екені баршаға аян. Осы тұрғыда оқытушы-профессорлық құрамның әрбір мүшесінің, кафедра мен факультеттің сан-салалы қызметі мен жетістіктерін саралаудың мәні аса зор. Себебі университеттің мәртебесі мен табыстары ұжым еңбегімен тікелей байланысты. ҚазҰУ-да жыл сайын екі рет жүргізілетін индикативті жоспар мен бір рет қорытындыланатын рейтингтік жүйе осы мақсатта жүйеге қосылған болатын. Кешегі ғылыми кеңес және ректорат мәжілісінде басты назар рейтингтік жүйенің 2012-2013 оқу жылындағы қорытындыларына аударылды.

2013 жылғы рейтинг ерекшеліктері мен көрсеткіштері жайлы Бірінші проректор Мұхамбетқали Мырзабайұлы баяндады. Ағымдағы жылдың көрсеткіштер саны оқу әдістемелік жұмыстар бойынша – 53, ғылыми зерттеу жұмыстары мен халықаралық әріптестік бойынша –75, әлеуметтік жұмыс бойынша – 43 болса, салмақтық коэфициенті ОӘЖ – 0,35, ҒЗЖ+ХӘ – 0,5, ӘЖ – 0,15-ті құраған. Бірінші проректор факультеттер көрсеткішіне тоқталды. 14 факультеттің ішінде төртеуі – 9000-11000, сегізі – 5000-9000 аралығында, екеуі – 2000-нан төмен балл жинаған. Ал факультеттердің орташа рейтингтік балы 7105-ке тең.

Сонымен балл қосындылары бойынша факультеттер рейтингісінде физика-техникалық, биология және биотехнологиялық, химия және химиялық технология факультеттері көш бастады. Ал, штаттық кесте бойынша өнімділік рейтингісіне жүгінсек, алдыңғы орынға физика-техникалық, химия және химиялық технология, заң факультеттері шығып отыр. Сондай-ақ Мұхамбетқали Мырзабайұлы шетелдік студенттер саны, оның ішінде тағылымдама және өндірістік тәжірибе, жазғы мектеп арқылы білім алатын шетелдіктер, шетелдік профессорлар жайында мол мағлұмат берді. Ол ОПҚ мен студенттердің академиялық ұтқырлығы мен шетелдік тәжірибе алмасуда белсенділігі артқанын ерекше атап өтті.

Университетіміздің жылдан-жылға алға қадам басып, қарқынды түрде дамып келе жатқандығын рейтинг қорытындысы дәлелдей түсті. Ректор Ғалым Мұтанұлы: «Байқап отырғандай, стратегиялық басым бағыттар бойынша өсу айқын. Оның бастысы – ғылыми-зерттеу жұмыстарының көрсеткіші биыл екі есе өсіп отыр. Біз бір орында тұрмай, заман сұранысына сай алға жылжудамыз. Өз мүмкіншіліктерімізді дұрыс бағыттай білсек, әлемдік білім кеңістігіндегі лайықты орнымызды аламыз. Рейтинг нәтижесі осыны аңғартып отыр, – деп пікір білдірді. Ол мақсатқа жету үшін деңгейімізді анықтауда рейтингтік жүйенің көптеген септігі тиетінін айтты. Сөйтіп, университет қызметін жандандыру үшін іске қосылған рейтингтік жүйенің биылғы көрсеткіштері көңіл қуантты. Сондай-ақ ректорат мүшелері оны жетілдіре түсу жайлы өз ұсыныстарын ортаға салды.

Әйгерім ӘЛІМБЕКОВА

Добавить комментарий!

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:

Рекомендуем похожее:

ҚазҰУ қызметкерлері біліктілігімен лайықты

Білім беру қызметінің жоғары сапасы – ҚазҰУ-дың басты корпоративті құндылықтарының бірі. Кәсіби

ҚазҰУ кәсіби маман даярлайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясы ­– қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси

Ұжымдық бірлік – биік кәсіби деңгей

Ұжымдық мәдениет пен бірлік университеттегі жалпы көңіл-күй мен қызметке тікелей әсер етері анық.

ҚазҰУ-ға қарап бой түзейді

«ҚазҰУ – отандық білім беруде көшбасшы. Оның озық  дәстүрлері мен иновациялық білім беру

ҚАЗҰУ ШАҚЫРАДЫ!!!

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить