Сеул сапарынан үзік сыр
Еліміздің Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық орнатуда жетістіктері мол. Қазақстан мен Корей Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 20 жылдан асып отыр. Екі ел ынтымақтастықты нығайту жөнінде нәтижелі жұмыстар атқарды. Сондай-ақ білім беру жүйесі бойынша, 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев Корей Республикасы, Донггук университетінен келген делегаттармен кездесті.
Кездесу барысында университеттердің арасындағы ынтымақтастық бағытын, студенттер мен оқытушы айырбастау бойынша академиялық бағдарламаларды іске асырудың перспективасын, сонымен бірге түрлі зерттеу жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Істің нәтижелі көрінісі ретінде екі елдің оқу орындарында студенттер білім алуда. Алты ғасырлық тарихы бар, мәдениет пен білімнің орталығы болған Сеул қаласында біз де осы оқу жылының басында тәжірибе алмасып қайттық.
Сеул – Корей Республикасының астанасы. Корей елін ХІV-XX ғасыр аралығында Чосан әулеті басқарған. Басшысы Ли Сон Генің ықпалымен Кенджу қаласынан Корей астанасы Сеул қаласына ауыстырылған екен.
Біз болашақ дінтанушы маман болғандықтан тәжірибе дінге байланысты өткізілді. Тәжірибе Донггук университеті, білім және халықаралық бағдарламалар департаментінде өтті. Донггук университеті буддистік оқу орны болып табылады. Барлығы Сеул Университетінің білім және халықаралық бағдарламалар департаментінің меңгерушісі, профессор, доктор Ин Джай Ким басшылығымен атқарылды. Кумбрия университетінің профессоры, доктор Иан Харрис, осы университет студенттері мен магистранттарының ұйымдастыруымен «Буддизм және саясат» деп аталатын дәріс жүргізді. Профессор, доктор Иан Харрис бізге діни антропологияның ішіндегі буддизм және саясатты үйлестіру жолдары мен әдістерін үйретті. Дәрісті тыңдау барысында бізге Корей халқының мұражайлары, будда храмдары жайлы баяндады. Сондай-ақ университетінің магистранты Хе Им Сан Сумен бірге мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастар жүйесін, мемлекеттің дінге әсерін анықтауға көмектесті. Дәріс жоғары дәрежеде жүргізілді. Сонымен қатар, Сеулдің көрікті жерлерінде болдық. Кенбоккун сарайында, мұнда ғибадатханаларды көрдік, Сеул қаласының нышаны болған Намсан тауына шықтық. Шыңында ботаника бағы, субұрқақтары, Сеул мұнарасы, кітапхана орналасқан. Кенбоккун сарайында орналасқан Корей елінің ұлттық этонографиялық мұражайы өте үлкен, құнды заттармен байытылған, мұражайдағы 4000 құнды жәдігерлер Корей елінің бар болмысын, тарихын, мәдениетін айқындайды.
Мұның барлығын білген біздің жетістігіміз, ҚазҰУ-дың жетістігі. Алдағы уақытта дінді зерттеуде өз үлесімізді қосуға әрекет жасаймыз. Сенім артқан кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызына алғысымыз шексіз.
Мадина САРСЕНОВА,
Философия және саясаттану факультетінің 2 курс магистранты
Рекомендуем похожее:
Тиімді тәжірибе қарлығаштары
Қос диплом бағдарламасы қаралды
ҚазҰУ жанынан медико-диагностикалық орталығы ашылады
ҚАЗҰУ ШАҚЫРАДЫ!!!
Назарбаев университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ынт ...
![]() |
№ 142 (2120) |
Добавить комментарий!