» » Болгария мен Қазақстан арасындағы академиялық байланыс

Болгария мен Қазақстан арасындағы академиялық байланыс

Біздің Болгарияға сапарымыз барысында Стамбулдан өтіп, Софияның аспанынан ұшақпен қалықтағандағы алған әсеріміз керемет болды. Жарқырап созылып жатқан қала бізге Еуропаның сәнді сарайларын елестетті. Әуежайға келгенде бізді Болгария мен Қазақстанның арасында оқу-мәдени жұмыстарын жүргізуші Виолета Добичина құшақ жая күтіп алып, біз тұратын қонақүйге алып келді. Болгарияға алғаш қадам басқан күнімізден бастап елімізге оралғанға дейін барлық оқу және ғылыми мәселелер бойынша демеу болып отырды. Әлі таныс емес қала бізге сондай ғажайып көрінді. Барлық ғимараттары ескі үлгіде салынған, зәулім жаңа үлгідегі сарайларды көрмейсің.

Көп жылдық тарихы бар зәулім оқу ордасы – Әулие Климен Охридский атындағы София Университеті Болгарияның белді, әрі ірі оқу орны. Білім беру жүйесі жағынан мемлекетте бірінші орында тұр. Біз осы университеттің тарих факультеті, этнология кафедрасында төрт ай бойы білім алдық.

«Этикет және дәстүр» пәнін доцент Джени Маджаров, «Мәдени антропология және этникалық стереотиптер» пәнін доцент Красимир Стоилов, «Антропология және жаһандану» пәнін доцент Таня Бонева, «Мәдениетаралық коммуникация» пәнін PhD доктор Нина Цветкова жүргізді. Шет елде жүріп білім нәрімен сусындап қана коймай өз еліміздің ұлттық мәдениетін, дәстүрін танытуда үлкен жұмыс жасадық деп мақтанышпен айта аламыз. Өйткені қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу арқылы біз мәдениеттанушы ретінде өзімізді жан-жақты шыңдадық. Осындай шараларға араласуға мүмкіндік берген Болгариядағы Қазақстан елшілігінің ұжымымен тығыз қарым-қатынаста болдық. Ұлы ойшылымыз Абайдың болгар тіліндегі фильмінен басталған қазақ кино апталығы, Тұңғыш Президент күні, халықаралық жәрмеңке және де ең ірі атаулы мерекеміз Тәуелсіздік күнінде болған мерекелік іс-шараларда өнер көрсету арқылы елімізді таныта білдік. Қазақ ұлттық көйлектері болгар және де басқа ұлт қонақтарының көздерінің жауын алса, ұлттық биіміз, әніміз және домбырадан шыққан қоңыр үн көрермендердің назарын аударып, қайта-қайта қол шапалақтап, қошемет көрсетпей коймады.

8 желтоқсан Болгарияда студенттер күні. Бұл күні біз ұстаздарымызбен бір дастархан басында, баянмен (аккардеон) ән шырқап отырдық. Олардың ұлттық әндерінің сөздерін аса түсінбесек те, әдемі әуені бізді керемет сезімге бөледі. Біз де өз әндерімізді шырқап бердік. Біреуі Еуропа жерін мекендеп кеткен, екіншісі тарихи мекенінде өмір сүріп жатқан Орта Азияның екі халқының мәдениеті дәл сол үстел басында түйіскендей болды. Біз ұстазымыз доцент Веселин Теповичаровтың туған ауылындағы анасының үйіне қонақ болып барып бір тамаша сезімге бөленіп қайттық. 80-нен асқан қарияның жанары жәудіреп, бізді көргенде сондай қуаныштан көзінен от шашып тұрғандай болды. Ол кісінің әзірлеген тәтті тағамдары, тәтті шәйі өзіміздің ауылдағы әжелеріміздің тәтті талқанындай болды. 24 желтоқсан Болгарияда «Бъдни вечер» деп аталатын дәстүрлі күн екен. Бұл күні бізді ғылыми жетекшіміз, профессор Ирина Колева үйіне шақырып, дәл осы күнгі ырымдарды түсіндіріп, осы мәдениетке байланысты көптеген мәліметтер берді. Болгар халқы православтық христиан дінінің нанымдарын ұстанса да, көптеген пұтқа табынушылық дәстүрлерді де сақтап қалған екен. Бұл халықтың мәдениеті мен өз мәдениетіміздің ұқсас тұстарын да кездестірдік. Славян тілді мемлекет болса да, сөздерінде де ұқсастықтар бар екен. Мысалы: перде, төсек, килим (кілем), маймун (маймыл), айрян сөздері. Себебі, Осман Империясының отары болған бұл елдің тілінде түркі сөзерінің болмауы мүмкін емес. Міне осылай күн өте келе бұл халықтың мәдениетін, тұрғындарын, қалаларын, табиғатын, ғимараттарын, әсіресе жылы қыс мезгілін сүйіп кеттік.

Білім мен ғылымға бет бұрған жастарға шет елде оқуға мүмкіндік берген елімізге, киелі оқу орнымыз - ҚазҰУ-ға ризашылығымыз зор. Сонымен қатар, осы оқу сапарына барып қайтуға бізге үлкен көмек көрсеткен Философия және саясаттану факультетінің деканы, профессор Әлия Рымғазықызына, Болгария мемлекеті мен Қазақстан Республикасының арасындағы оқу-мәдени шараларды жүргізуге үлес қосып келе жатқан психология кафедрасының оқытушысы, доцент Майра Кабаковаға айтар алғысымыз шексіз.

 

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының

мәдениеттану бөлімінің 2 курс магистранттары

Болгария мен Қазақстан арасындағы академиялық байланыс

 

 

Добавить комментарий!

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:

Рекомендуем похожее:

Сеул сапарынан үзік сыр

Еліміздің Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық орнатуда жетістіктері мол. Қазақстан мен Корей

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы...

«Ұстаз» деген ұлағатты мамандық иелерінің қоғам алдындағы зор міндеті – шәкірт болмысын тану

Ұстаз адамның жанын емдеуші

Жақыпбек Алтайұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантының

Қос диплом бағдарламасы қаралды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Қытай Халық Республикасындағы Халықаралық

ҚАЗҰУ ШАҚЫРАДЫ!!!

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить