» » Ұстаз адамның жанын емдеуші

Ұстаз адамның жанын емдеуші

Жақыпбек Алтайұлы,

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантының иегері, профессор:

«Ұстаз адамның жанын емдеуші»

Әлемдік өркениетке ұмтылып, елімізді дүние жүзіне танытып, білімді, білікті, бәсекеге қабілетті азаматтар тәрбиелеуде жоғары оқу орындары оқытушыларының еңбегі орасан зор. Осы тұста ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантының иегері, философия ғылымдарының докторы, профессор, философия кафедрасының меңгерушісі, «Әл-Фараби» орталығының директоры Жақыпбек Алтайұлымен сұқбаттасқан едік.

- Жақыпбек Алтайұлы, алғашқы сұрақты ұстаз ұғымынан бастасақ. Сіз үшін ұрпақ тәрбиелеудегі ұстаз ұғымы қандай?

- Шығыс халықтарында ұстаз бен шәкірттің мағынасы өте зор. Себебі, ұстаз шәкірт алдында жауапты. Сол жауапкершілікті жоғары сезініп, жақсы маман тәрбиелеуде ұстаз шәкіртіне үлгі болу қажет. Мәселен, дәрігер адамның тәнін емдейтін болса, ұстаз адамның жанын емдеуші. Өйткені, әрбір ұстаз өзшәкіртінің ішкі жан-дүниесін сезініп оны байытудағы, бәсекеге қабілетті төтеп бере алатын, қоғамға деген көзқарасын қалыптасқан маман тәрбиелеудегі тұлға. Сіз мың жерден академик, профессор болыңыз дәріс беретін студентіңіздің ішкі жан-дүниесіне үңілу сондай-ақ, жастарды қазіргі заман талабына сай тәрбиелеу маңызды. «Шәкіртсіз-ұстаз тұл» деген халқымыздың мақалына мән берер болсақ, шәкіртсіз ұстаздың ұлылығы асқақтамайды.

- Өзіңіз студенттерді білімге баулуда басты нені ескересіз?

- Білімге баулудағы басты ұстанымым – студенттердің талантын танып, сол таланттың танылуына барынша жәрдем беруге, қабілетін ескере отырып соған орай әртүрлі педагогикалық тәсілдерді пайдалануға тырысамын. Меніңше, ең ұлағатты ұстаз осы мәселені ескеру қажет.

- Бір топтың өзінде түрлі мінездегі студенттер оқиды. Осы тұста оламен ортақ тіл табысуда қандай әдіс-тәсілдер қолданасыз?

- Әрине, ұстаздар алдына дәріс тыңдау үшін әртүрлі отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген балалар келеді. Мен ең алдымен, олардың мінез-құлқын, ұғымталдық қабілетін, білім деңгейін анықтап алып, содан соң әрқайсысының ыңғайына қарай қадам жасаймын. Диссертация, мақала, ғылыми еңбектер жазуда өздерінің пайымдау пікірлерін қосу арқылы өзіндік стилін қалыптастыруға қолдау танытып, сондай-ақ ұстаным тұжырымдарымен санасып отырамын. Ұстаздың да ұстазы бар. Сол сияқты мен де өз ұстазымның шәкірті болдым. Енді өз бойымыздағы білімді бүгінгі ұрпақ бойына сіңірудеміз. Ұстаз шәкірт дайындауда студенттің сеніміне кіру, олармен тең дәрежеде сөйлесу қажет. Сонда ғана шәкірт пен ұстаз арасындағы алтын көпір алшақтамайды. Ал бүгінгі ХХІ ғасыр жастары бізден гөрі барлық ақпараттан хабардар. Бірақ бір ескеретін жайт оларда соны қорыту, анализ жасау жағы жетіспей жатады. Соңында сараптама қорытынды жасауды жастарға үйретуіміз қажет.

- Оқытушы – білім беру жүйесінің басты факторы дегенге алып қосарыңыз бар ма?

- Жоғарғы оқу орнында негізгі фактор әрине, оқытушы, ол үнемі ізденісте жүруі тиіс. Өйткені сапалы білім беруде ізденіс басты рөл атқарады. Оқытушы үнемі өз білімін жетілдіріп отыруы тиіс. Айталық олимпиада чемпионы өзін әрқашан шынықтырмаса, жақсы спортсмен шықпайды. Сол сияқты әрбір ғалым-ұстаз өзі шәкірттеріне білім берумен қатар, өз білімін де жетілдіруге міндетті. Мен жақында ғана Австрия, Швецарияда болдым. Бір байқағаным, оларда ұстазға деген көзқарас өте жоғары. Профессор – ең қасиетті адам. Оларда ұстаздардан үнемі білімін жетілдіруді талап етеді екен. Қазақстанның білім жүйесі де сол елдерден еш кем емес деп айта аламын. Олар сапалы білім беруге қатты мән береді. Бұл жүйе біздің елде де бар. Студентерге қойылар де талап күшті. Егер студент тақырыпты меңгермесе, оқытушылар ол студентпен жеке жұмыс жасайды. Біздің елмен салыстырғанда білім жүйесінде ұқсастықтар көп байқалады. Бір байқаған ерекшелік – жас оқытушы-ұстаздар 1 жыл тәжірбиелі профессорлармен жұмыс істеу арқылы білімдерін жетілдіріп барып қана, аудиторияға студенттерге сабақ беруге рұқсат алады екен. Біз барған шет елдегі профессорларға бір сағат дәріс оқуға дайындалу үшін оларға 2 сағат уақыт беріледі екен. Ал өз басым бір сағат лекция оқу үшін бірнеше күн дайындалам.

- «Үздік оқытушы» атағын жеңіп алдыңыз. Осы атаққа сай болу үшін қандай талаптар қажет?

- Бұл мәртебеге жету үшін 40 жылдай еңбек еттік. Көп ізденіс пен тер төгудің нәтижесінде жеткен жеңіс. Еңбек жолында әр табалдырықтан өттік. Меніңше, атаққа сай болудағы ең бастысы – мақсатыңа жетудегі ерен еңбегің.

- Интеллектуалды ұлт, әлеуетті ұрпақ тәрбиелеуде негн басымдылық берілу керек?

- Интеллектуалды деп – сөз жан-жақты білім алған, өзіндік көзқарасы, ойы, пікірі қалыптасқан, өз ойын іске асыратын адамды айтамыз. Елбасының интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп шығару қажет деген бастамасы бүгінгі заман талабына сай. Әрбір адам өзінің таңдаған мамандығының білгірі болу қажет. Біздің мамандықтың өзі – философ. Әрбір елдің интеллектуалды деңгейін философияның деңгейімен анықтауға болады. Философия адамды ойлауға, танып-білуге үйрететін ғылым. Сондықтан заман талабы тек қана білім алу емес, интелектуалды, жан-жақты маман тәрбиелеуді талап етеді.

- Қандай әдеби кітаптар оқисыз?

- Түркілік мәдениетке байланысты «Біздің рухани және жазба мәдениетіміз болды ма?» деген сияқты сұрақтар мені қызықтырады. Сондықтан мен тарихи кітаптарды көп оқимын. Ал нақтырақ айтқанда М. Әуезовтің, О. Сүлейменов, Ш.Айтматовтың шығармаларын және кәсіби философия тарихына байланысты, мұсылман философиясы, ислам философиясына байланысты кітаптарды да оқимын. Соған байланысты «Ислам философиясы жаңа көзқарас» деген атпен монографиям да шықты. Сондай-ақ, әл-Фараби еңбектерін де ерекше сүйіп оқимын. Париж қаласында 2010 жылы үлкен «Әл-Фараби және қайта өрлеу: Еуропалық қоғамға жасаған әсері»- деген дөңгелек үстел болды. Онда 20 шақты ғалым қатысты. Мен сонда әл-Фарабидің рухани мұралары жайлы «Әл-Фараби: Еуропа халықтары оған жасаған ғылымы» туралы баяндама жасадым. Еуропада әл-Фарабидің еңбектерін ХІ-ХІІ ғасырда екі тілде аударып үлгерген. Көп еңбектері ХІІ-ХІІІ ғасырларда басқа да тілдерде аударылған. Менің ұстазымның өзі әл-Фарабидің отызға жуық еңбектерін шетелден отанымызға аударған қазақ философиясының көшбасында тұрған тұлға. Өкінішке орай ол кісі өмірден озған.

- Ғалым, ұстаз, үздік оқытушы ретінде студенттерге қандай өсиет сөз айтасыз?

- әл-Фарабидің айтқан «Тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы» деген сөзі шығыс пен батысты айқындап тұрғандай. Себебі, бізде моральдық тәрбиеге қатты мән береді, білім берумен қатар адамды адамгершілікке, рухани байлыққа тәрбиелейді. Ал Еуропада олай емес. Сондықтан, бойында бай білімі бар тәрбиелі тәлімгерлеріміз толыға берсін дегім келеді.

- Әңгімеңізге рахмет.

Сұқбаттасқан, Айнұр АҚЫНБАЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий!

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:

Рекомендуем похожее:

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

География және табиғатты пайдалану факультетінің «География, жерге орналастыру және кадастр»

Ұстаз - білім шырағы

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы...

«Ұстаз» деген ұлағатты мамандық иелерінің қоғам алдындағы зор міндеті – шәкірт болмысын тану

Арманға жетелеген ұстазым

Адам баласы өмірге келген күннен бастап, әр нәрсені танып-білуге ұмтылады. Кішкентай сәби

ҚазҰУ кәсіби маман даярлайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясы ­– қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить