Бөтен елде әрбір қадамымыз біз үшін сын
Психологияның университет қабырғасында өркендеуі 1947 жылдан бастау алады. Ал оның ең алғаш 1980 жылы кафедра болып қалыптасуының өзі психология ғылымындағы елеулі өзгерістерінің бірі болып қала бермек. Бүгінгі күні бұл қасиетті жалпы және этникалық психология кафедрасында бірқатар психология ғалымдары, профессорлар, докторлар, кандидаттар, доценттер, докторанттар мен аға оқытушылар қызмет етеді. Атап айтсақ, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Джакупов, Д.Д. Дүйсенбеков, С.М.Ташимова, С.Қ.Бердібаева, Н.Қ. Тоқсанбаева Э.К. Қалымбетова, Н.С. Жұбаназарова, А.М. Болтаева, М.К. Жолдасбекова және т.б. ұстаздық борыщтарын атқарып келеді. Міне, осындай білікті мамандардың өздерінен дәріс, семинарларды тыңдау біз магистранттар үшін үлкен мәртебе. Сонымен қоса студенттер үшін тек университет шеңберінде ғана емес, одан тыс өзге шетел мемлекеттерінде білім тәжірибесімен алмасу үшін академиялық бағдарламалар мүмкіндіктері жасалған. Соның айғағы ретінде, философия және саясаттану факультетінің, жалпы және этникалық психология кафедрасының магистранты ретінде өзімнің Германия Федеретивтік Республикасының Дюссельдорф қаласынадағы Халықаралық білім беру мен ғылыми ақпарат орталығына барған оқулық сапарымыздан алған әсеріммен бөліскелі отырмын. Әуелгі біздің мақсатымыз өзге елден өз елімізге біз нені алып келе аламыз және тәжірибе барысында қалай қолданысқа енгіземіз немесе оқулық сапардың біздің білімімізді щыңдаудағы рөлі қандай деген сұрақтар көкейімізде тұрды.
Бөтен елдің шегінде басқан әрбір қадамымыз біз үшін сын. Ал алдын-ала ол елді өзіңді еркін ұстау үшін неміс ұлтының ерекшеліктері туралы көптеген әдебиеттерді парақтадық. Әр халықтың өз дәстүрі, өзінің күнделікті әдебі бар демекші, бізде баратын еліміз туралы бірқатар ақпараттармен қаруландық. Сонымен қоса ол жақтағы өз саламыз психологиямен байланысты «Қазіргі заманғы қоғамдық ғылымдағы басқару мәселелері» атты оқу курсы болғандықтан, гуманитарлық білімдер шеңберінде лекция оқулары өтті. Бұрындары біздің білім беру жүйеміздің бағдарламасында көбіне әмбебаптылыққа, жалпылыққа негізделген болса, қазіргі бәсекеге қабілетті нарықтық заманының талабына сәйкес белгілі бір нақты бағытта білім алып, сол сала шеңберінде терең зерттеулер жүргізіп, нәтижеге жету және оны әрі қарай жалғастыру көзделеді. Бір ерекшелігі неміс ұлтының профессорлары ағылшын тілін жетік меңгерсе де, дәрісті тек өздерінің ана тілінде ғана оқиды екен, ал аудармашылар сіз таңдаған тілге аударып береді. Оқу барысында біз Қазақстанның түпкір-түпкірінен және көршілес Ресей мемлекетінің жоғарғы оқу орындарынан келген оқытушылар мен студенттермен танысып тәжірибе алмастық. Сабақ үстінде қызу дискуссия мен диспуттар өтті. Соның арқасында біз жаңа білім ғана алып қоймай, өзіміздің тәжірибемізде кездескен жағдайларды да талқылаулардан өткізіп отырдық. Психотерапия бойынша қала сыртындағы академияда арнайы психологиялық тренинге қажетті құралдармен жабдықталған ғимаратта 2-3 күн бойы психотерапияны қалай жүргізу керек, оның адам өміріндегі маңызы қандай екендігі туралы профессор Иларион Г. Петцольд дәріс оқып, алған териялық білімнің кері байланысы ретінде тренинг-жаттығулар жүргізді. Ал философия ғылымдарының докторы Михайлова Наталья Борисқызы «Адам ресурстарын технологиялық басқару, ұйымдағы коммуникацияның матрицасы және т.б.» шеңберінде дәріс оқумен қатар, әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізді.
Сабақтан тыс уақытта және демалыс күндері ұзындығы 1233 км созылған Рейн өзенінің жағалауыменжүзе отырып, Дюссельдорф қаласының тұрмыс-тіршілігімен танысу саяхаттары ұйымдастырылды.
Жетістікке жетелеп, биіктерге талпындырған ұстаздарыма айтар алғысым шексіз!
Усимбекова Мадина Әшірәліқызы,
психология мамандығының 2 курс магистранты
Рекомендуем похожее:
Болгария мен Қазақстан арасындағы академиялық байланыс
Сеул сапарынан үзік сыр
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы
Ұстаз адамның жанын емдеуші
ҚазҰУ-ға қарап бой түзейді
![]() |
№ 142 (2120) |
Добавить комментарий!