Ұжымдық бірлік – биік кәсіби деңгей
Ұжымдық мәдениет пен бірлік университеттегі жалпы көңіл-күй мен қызметке тікелей әсер етері анық. Заманауи үздік маман даярлау үдесінен шығу үшін, ең алдымен, ұжымның кәсіби деңгейін бағалау маңызды. Осы мақсатта білім мен ғылымның қара шаңырағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Оқытушы әріптестер көзімен» атты сауалнама жүргізіліп келеді. Осы аптадағы кезекті ректорат мәжілісінде Әлеуметтанулық зерттеу және әлеуметтік инжиниринг орталығының директоры Гүлмира Серікқызы аталмыш сауалнама нәтижелерімен таныстырды.
Сауалнама 25 наурыз бен 5 сәуір аралығында он-лайн түрінде өтті. Биыл екінші жыл қатарынан жүргізіліп келе жатқан сауалнамаға қатысушылардың белсенділігі жылдан-жылға артып келеді. 2012 жылдың наурыз айында жүргізілген алғашқы этапқа қарағанда қатысушылар саны 7 пайызға артқан. Сауалнамаға барлығы 62 кафедра қатысып, жалпы университеттің 61,08 пайызын қамтыған. Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы, қазақ филологиясы кафедрасы, орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасы, мемлекеттік тіл кафедрасы, жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы белсенділік танытқан ұжым ретінде аталып өтті.
Әріптес бағасын білу әрі әріптеске шынайы баға беруді жүктеген сауалнама қорытындыларын көпшілік назарына ұсынған орталық директоры барлық талаптар бойынша «5» деген жоғары көрсеткішке ие болған 279 оқытушының тізімін қоса ұсынды. Сондай-ақ 3,7-ден төмен алған оқытушылар тізімі де тыс қалған жоқ. Ендеше, сауалнама әр оқытушының өзіне деген талабы мен жауапкершілігін еселендіре түспек. Ал жалпы университет бойынша көрсеткіш 4,6-ны құрап отыр.
Осы орайда өз тұжырымдарымен бөліскен Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шолпан Ерболқызы оқытушы профессорлар қауымы алғашқы жылмен салыстырғанда әділетті баға берудіңмаңыздылығын түсініп, белсенділігі артқанын айтты. Сонымен қатар проректор қосымша істеуші оқытушыларды сауалнамаға жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сын болмаса ешуақытта мін түзелген емес. Алайда сынның да түзу болғаны қажет. Осы тұста әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары өзіне де, өзгелерге де сын көзбен қарайтындығын, биік ұжымдық кәсіби деңгейін танытып отыр.
Рекомендуем похожее:
Әлемдік білім кеңістігіне апарар жол
ҚазҰУ қызметкерлері біліктілігімен лайықты
ҚазҰУ кәсіби маман даярлайды
ҚазҰУ-ға қарап бой түзейді
«ТҮРКІ ӘЛЕМІ» ОҚУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
![]() |
№ 142 (2120) |
Добавить комментарий!