» » Тиімді тәжірибе қарлығаштары

Тиімді тәжірибе қарлығаштары

10 маусымдағы кезекті ректорат отырысында сертификат табыстау рәсімі орын алды. Мұнда оқытушы-профессорлар құрамының, қызметкерлердің жетістіктері, студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында атаулы шәкіртақылар ұсыну, өзге де игі шаралар дәстүрге айналғаны белгілі.Бұл жолы Гази университетінің студенттері марапатталды.

Сөз алған мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі Анаркүл Салқынбай академиялық ұтқырлық бағдарламасының студенттерге зор мүмкіндік сыйлап отырғанын алға тартты. Түркия елінің тәлімгерлері біздің университетке үлкен қызығушылық танытып келген. Олар ақпан және маусым айлары аралығында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, қазақ филологиясы мамандығы бойынша білім алды. Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бірнеше пән оқыды. Бүгінде қазақ тілін айтарлықтай меңгеріп, білім қоржындарын қазақ елі жайлы құнды деректермен толықтыра түскен студенттерге университет атынан құрметпен сертификат қоса берілді. Олар: Тамер Йылдырым, Гөзде Жөкева, Гөнжегүл Тәңіріберди, Айшегүл Өрсеоглу, Мушереф Чукадар.

Түркия студенттері көңілі дарқан, кең байтақ қазақ жерінен алған әсерімен қазақ тілінде бөлісті. Біздің университеттен өткен шетелдік тағылымдаманың олар үшін қызық әрі пайдалы болғандығын айта келе, ризашылықтарын білдірді.

Әйгерім ӘЛІМБЕКОВА

Добавить комментарий!

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:

Рекомендуем похожее:

ҚазҰУ қызметкерлері біліктілігімен лайықты

Білім беру қызметінің жоғары сапасы – ҚазҰУ-дың басты корпоративті құндылықтарының бірі. Кәсіби

Ұжымдық бірлік – биік кәсіби деңгей

Ұжымдық мәдениет пен бірлік университеттегі жалпы көңіл-күй мен қызметке тікелей әсер етері анық.

Қос диплом бағдарламасы қаралды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Қытай Халық Республикасындағы Халықаралық

ҚазҰУ-ға қарап бой түзейді

«ҚазҰУ – отандық білім беруде көшбасшы. Оның озық  дәстүрлері мен иновациялық білім беру

«ТҮРКІ ӘЛЕМІ» ОҚУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

11 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить