Қазақ Университеті газеті » Материалы за Декабрь 2013 года » Страница 2
Ұстаз - білім шырағы
26-12-2013, 08:35
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық. Олай дейтінім, мұғалім – біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты менің де таңдауыма себепкер болған баға жетпес ұстаздардың бірі – экономика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы
Тағылымы биік тұлға
26-12-2013, 08:34
Ұстаз тұтар ардақты жанның тағылымы биік, жаны таза, көкірегі ояу, білімі жетік, жүзі жылы болса, білікті ұстаздың өнегесі шәкіртіне де қонары сөзсіз. Осындай біздің асыл жанды, ардақты ұстазымыздың бірі әрі бірегейі – з.ғ.к., профессор м.а. Атаханова Салтанат Кәрібайқызы. Өнегесі мен өмірлік ұстанымы биік Салтанат Кәрібайқызының азаматтық іс жүргізу саласындағы «ТМД және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің азаматтық сот ісін жүргізуге байланысты халықаралық шарттарға қатысу мәселелері», «Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасу кезеңдері және азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы...
26-12-2013, 08:32
«Ұстаз» деген ұлағатты мамандық иелерінің қоғам алдындағы зор міндеті – шәкірт болмысын тану арқылы бейіміне қарай жол сілтеу екендігі баршаға аян.Келешек ұрпақтың жаңа бір өмір белесіне көтерілген сәтте болашағына жол ашып, ұрпағының тәлімді де тәрбиелі, дарынды да білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болып шыңдалуына, жүрегіне имандылық нұрын себуде, зерделі шәкірт қалыптастыруда аянбай тер төгіп, үлгілі еңбек етіп келе жатқан ұстаздар туралы айтылар әңгіме ешқашан таусылмақ емес. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түскен кезде алдымызда біз еңсере алмастай көрінетін қиындық,
Арманға жетелеген ұстазым
26-12-2013, 08:30
Адам баласы өмірге келген күннен бастап, әр нәрсені танып-білуге ұмтылады. Кішкентай сәби сөйлеуге, тәй-тәй басуға ұмтылса, білімге ұмтылған жастар әділдікке, еліне өзіндік бір пайда әкелуге, жаңалықтар мен жаңа технологиялар ойлап табуға ұмтылады деп ойлаймын. Дәл осылай жастарды білімге баулып, тәрбие беріп жүрген, студенттерді әрқашан биікке жетелейтін білікті ұстаз химия ғылымдарының докторы, профессор – Баешова Ажар Қоспанқызы туралы айтқым келеді. Мектеп қабырғасында ғылыми жұмыспен шұғылданып, түрлі конференцияларға қатысып, белсенділік танытып жүрген оқушыларға қатты қызыға
Ұстаз және шәкірт бір-бірінен ажырамайтын егіз ұғым
26-12-2013, 08:28
«Қазақ университеті» газеті №24, 19 маусым, 2012 жыл Рубрика: Маржан сөз Өтеген КҮМІСБАЕВ,ақын, шығыстану факультеті арабтану және ирантану кафедрасының профессоры, ҚазҰУ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі: «Ұстаз және шәкірт бір-бірінен ажырамайтын егіз ұғым» «Ұстазсыз шәкірт – тұл», «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген дана Абай атамыздың сөзі алдымен ойға оралады. Ұстазынан шәкірті озып жатса, ұстазы оған балаша қуанып тұрса, нұр үстіне нұр жауар деген сол. Алдыңғының аяғынан шалмай, кейінгінің кеудесінен итермейтін инабатты шәкірт алысқа баратынына шәк болмаса керек.
Ұстаз адамның жанын емдеуші
26-12-2013, 08:26
Жақыпбек Алтайұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантының иегері, профессор: «Ұстаз адамның жанын емдеуші» Әлемдік өркениетке ұмтылып, елімізді дүние жүзіне танытып, білімді, білікті, бәсекеге қабілетті азаматтар тәрбиелеуде жоғары оқу орындары оқытушыларының еңбегі орасан зор. Осы тұста ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантының иегері, философия ғылымдарының докторы, профессор, философия кафедрасының меңгерушісі, «Әл-Фараби» орталығының директоры Жақыпбек Алтайұлымен сұқбаттасқан едік. - Жақыпбек Алтайұлы, алғашқы сұрақты
Срайыл СМАЙЫЛ
19-12-2013, 08:39
«Жас қазақ» газетінің Бас редакторы: «1 курста қорқып жүрдім...» Білім мен ғылымның алтын діңгегі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сан мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, еліміздің білікті де білім кадрлар қатарын жылдан-жылға толықтырып келеді. Біз, ҚазҰУ студенттері бізге дейін осы университетте оқыған майталмандардың есімін естігенде еліктеуге бағыт тауып жатсақ, қара шаңырақ ұстаздары бір марқайып түлегімен мақтанып жатады. Осы орайда «Біздің түлек» жаңа айдарын ашып, мұнда мақтанышқа айналған түлектерімізбен сұқбаттасып, ой-пікір бөлісуді жөн санадық. Айдардың бүгінгі қонағы
Әлемдік білім кеңістігіне апарар жол
19-12-2013, 08:34
Үздік нәтижеге қол жеткізу – ҚазҰУ ұжымының негізгі ұстанымы. Кәсіби білікті маман ретінде өз білімін жетілдіру, отандық және шетелдік тәжірибені білу және қолдану да ҚазҰУ қызметкерлеріне қойылар талаптың бірі екені баршаға аян. Осы тұрғыда оқытушы-профессорлық құрамның әрбір мүшесінің, кафедра мен факультеттің сан-салалы қызметі мен жетістіктерін саралаудың мәні аса зор. Себебі университеттің мәртебесі мен табыстары ұжым еңбегімен тікелей байланысты. ҚазҰУ-да жыл сайын екі рет жүргізілетін индикативті жоспар мен бір рет қорытындыланатын рейтингтік жүйе осы мақсатта жүйеге қосылған болатын.
Тиімді тәжірибе қарлығаштары
19-12-2013, 08:34
10 маусымдағы кезекті ректорат отырысында сертификат табыстау рәсімі орын алды. Мұнда оқытушы-профессорлар құрамының, қызметкерлердің жетістіктері, студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында атаулы шәкіртақылар ұсыну, өзге де игі шаралар дәстүрге айналғаны белгілі.Бұл жолы Гази университетінің студенттері марапатталды. Сөз алған мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі Анаркүл Салқынбай академиялық ұтқырлық бағдарламасының студенттерге зор мүмкіндік сыйлап отырғанын алға тартты. Түркия елінің тәлімгерлері біздің университетке үлкен қызығушылық танытып келген. Олар ақпан және маусым
ҚазҰУ қызметкерлері біліктілігімен лайықты
19-12-2013, 08:34
Білім беру қызметінің жоғары сапасы – ҚазҰУ-дың басты корпоративті құндылықтарының бірі. Кәсіби білікті маман даярлау үшін университеттегі оқытушылармен қатар,қызметкерлер деңгейі де жоғары болуы шарт. ҚазҰУ қызметкерінің білімі мен білігін анықтаған аттестация өз мәресіне жетті. Кешегі ректорат мәжілісінде оның қорытындысымен Кадр және мұрағат істері басқармасының басшысы Айнұр Сатылғанқызы таныстырды. «Әлемдік басқару тәжірибесінде соңғы 20-30 жылда қызметкерлерді аттестациядан өткізу шешімі белең алды. Осы бағытта біздің университет алғашқылардың бірі болып, өз қызметкерлерін 3 сатыдан –
Соңғы нөмір
|
№ 142 (2120) |
ҚазҰУ жаналықтар
Фото
Опрос
Оцените работу движка


