Тағылымы биік тұлға

Ұстаз тұтар ардақты жанның тағылымы биік, жаны таза, көкірегі ояу, білімі жетік, жүзі жылы болса, білікті ұстаздың өнегесі шәкіртіне де қонары сөзсіз. Осындай біздің асыл жанды, ардақты ұстазымыздың бірі әрі бірегейі – з.ғ.к., профессор м.а. Атаханова Салтанат Кәрібайқызы.

Өнегесі мен өмірлік ұстанымы биік Салтанат Кәрібайқызының азаматтық іс жүргізу саласындағы «ТМД және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің азаматтық сот ісін жүргізуге байланысты халықаралық шарттарға қатысу мәселелері», «Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасу кезеңдері және азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі қызметтері», сондай-ақ, «Еуропалық Одақ аясындағы азаматтық сот ісін жүргізудің кейбір мәселелері» сияқты 40- тан аса ғылыми жұмысы мен «Сот отырысында; Тәжірибе», «Азаматтық іс жүргізу құқығы.Практикум» және сол сияқты 4 оқу құралы алыс-жақын шет елдерде және еліміздегі басылымдарда жарық көрді. Әрине жан-жақтылық пен ізденістің арқасында қаншама еңбектері мен ғылыми жұмыстары өз саласындағы мамандар мен оқырмандардың, шәкірттердің тарапынан жоғары бағаланып, азаматтық іс жүргізу құқығы саласында талай жаңалықтардың ашылуы мен теориялық ұштасуға әкелгені анық.

Өз кезегінде біздің де Салтанат Кәрібайқызынан үйренеріміз көп. Жанына жақындағаннан-ақ ұстаздық ұлылық пен аналық мейірімге толы жылылықты сезінесің. Салтанат Кәрібайқызының сабырлылығы мен салиқалы тәліміне таң қаласың. Ел ертеңі жас заңгерлер мен білікті құқық саласындағымамандарды тәрбиелеуде өнеге көрсеткен, жол көрсетуші ұстазымыз Салтанат апай табиғатынан өте кең адам, өз саласының жетік маманы. Ұстазымыз Салтанат Кәрібайқызына шәкірттері атынан алғысымыз шексіз!

Кәмшат Райымбергенова,

заң факультетінің 3-курс студенті

 


Тағылымы биік тұлға

 

 

Добавить комментарий!

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:

Рекомендуем похожее:

Бөтен елде әрбір қадамымыз біз үшін сын

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың психология кафедрасы ғылыми-зерттеушілік жұмыстары мен ғылыми

Ұстаз - білім шырағы

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше

Арманға жетелеген ұстазым

Адам баласы өмірге келген күннен бастап, әр нәрсені танып-білуге ұмтылады. Кішкентай сәби

Ұстаз адамның жанын емдеуші

Жақыпбек Алтайұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантының

«ТҮРКІ ӘЛЕМІ» ОҚУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

11 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить