» » Арманға жетелеген ұстазым

Арманға жетелеген ұстазым

Адам баласы өмірге келген күннен бастап, әр нәрсені танып-білуге ұмтылады. Кішкентай сәби сөйлеуге, тәй-тәй басуға ұмтылса, білімге ұмтылған жастар әділдікке, еліне өзіндік бір пайда әкелуге, жаңалықтар мен жаңа технологиялар ойлап табуға ұмтылады деп ойлаймын. Дәл осылай жастарды білімге баулып, тәрбие беріп жүрген, студенттерді әрқашан биікке жетелейтін білікті ұстаз химия ғылымдарының докторы, профессор – Баешова Ажар Қоспанқызы туралы айтқым келеді.

Мектеп қабырғасында ғылыми жұмыспен шұғылданып, түрлі конференцияларға қатысып, белсенділік танытып жүрген оқушыларға қатты қызыға қарайтынмын. Өз бойымдағы қабілеттілігімді көрсете білсем, үлкен биік белестерді бағындыра алсам деген қиялға толы арман болды кеудемде. Алайда бұл арманым мектеп қабырғасында орындала қоймады. 11 жыл бойы білім алған алтын ұямнан самғап ұшып, көкке қанат қақтым.

Қазіргі таңда әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерімен бәсекелес, еліміздің көшбасшы университеттерінің бірі Қазақ ұлттық университетінде өз білімімді шыңдап жатқаныма қуанамын. Үлкен мақтанышпен де айта аламын. Университетіміздің әрбір оқытушысынан дәріс алып, білімін толықтырған студенттің арманы жоқ шығар деп ойлаймын. Мектеп қабырғасындағы қиялға толы армандарыма университет қабырғасында өмірлік бағыт-бағдар берген, талай білікті мамандарды даярлаған жетекшім Баешова Ажар Қоспанқызымен ғылымның тура жолына бет алғандаймын. Ажар Қоспанқызымен жасаған әрбір ғылыми жұмысым мені шыңдай түсуде. Маған күш-қуат бергендей сезінемін. Көптеген белестерді бағындырған Ажар Қоспанқызының алдағы уақытта еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастарды білім мен ғылымға тартып, бәсекеге қабілетті, білімді жастарды тәрбиелеп шығарады деп ойлаймын.

Өнегелі ұстазыма қызметте табыс, шығармашылық жетістіктер тілеймін. Әрқашан шәкірттерінің жеңісін көріп, арамызда аман-сау жүре бергей!

Ақмарал ҚОЖАНТАЕВА,

химия және химиялық технология факультетінің 3-курс студенті

 

 

Арманға жетелеген ұстазым

 

 

Добавить комментарий!

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:

Рекомендуем похожее:

Ұстаз адамның жанын емдеуші

Жақыпбек Алтайұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантының

Срайыл СМАЙЫЛ

«Жас қазақ» газетінің Бас редакторы:   «1 курста қорқып жүрдім...» Білім мен ғылымның алтын

Әлемдік білім кеңістігіне апарар жол

Үздік нәтижеге қол жеткізу – ҚазҰУ ұжымының негізгі ұстанымы. Кәсіби білікті маман ретінде өз

ҚАЗҰУ ШАҚЫРАДЫ!!!

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі

«ТҮРКІ ӘЛЕМІ» ОҚУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

11 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить