Ұстаз - білім шырағы

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық. Олай дейтінім, мұғалім – біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты менің де таңдауыма себепкер болған баға жетпес ұстаздардың бірі – экономика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ «менеджмент және маркетинг» кафедрасының меңгерушісі Қарлығаш Сапарқызы. Шәкірттерінің жүрегіне ізгілігімен, өжеттілігімен, қатаң талап қоя отырып, үйретуден жалықпайтын ұстазымыз Қарлығаш Сапарқызының орны ерекше.

Ұстазымыздың еңбек жолына көз жүгіртіп қарасақ, жастар үшін үйренер, үлгі алар тағылымы мол екен. Қарлығаш Сапарқызы АИНХ Алматы халық шаруашылығы институтын үздік бітіріп, С.Орджонокидзе атындағы Мәскеу басқару акдемиясында 1987-1991жж. аспирантурада оқиды. Оқуды бітірген соң кандидаттық диссертациясын табысты қорғайды.

Еңбек лауазымын ҚазССР-ның Госплан аясындағы НИЭПиНЕ-де қатардағы инженер-экономист болып 5 жыл қызмет атқарады. Оқу-тәжірибесінен АҚШ, Венгрия және Ресей сияқты түрлі елдерде өткен.

1996 жылдан бері Қарлығаш Сапарқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасында табысты еңбек етіп келеді. Бүгінде осы кафедраға жетекшілік етеді. Қ.С. Мұхтарованың жетекшілігімен 11 экономика ғылымдарының кандидаты, 4 РhD экономика докторлары дайындалған. Оның жетекшілігімен кафедра Менеджмент мамандығы бойынша МВА оқу бағдарламасы процессіне қосылған.

Ғылыми лауазым мен ғылымға деген махаббатты Қарлығаш Сапарқызы бала кезінен бойына сіңірген. Әкесі Мұхтаров Сапар диссертациясын плазмалық физика бойынша Эстонияда қорғаған. 10 жыл физика кафедрасының меңгерушісі қызметін, 11 жыл ҚазМемҚызПУ-да физика-математика факультетінің деканы қызметін атқарған. Тыл шебінің қатысушысы болған. Физика-математика ғылымдарының кандидаты болып табылады. Ал, анасы Мұхтарова Алма – дәрігер-терапевт, Алматы қаласындағы Мемлекеттік медицина институтын бітірген, тыл шебінің қатысушысы болған.

Бұлар Қарлығаш Сапарқызының жоғарғы кәсіби біліктілігі мен басқару тәжірибесі бар тұлға болып қалыптасуына зор әсер етті.

Кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі жоғары, өз жұмысына жоғары талаппен қарайтын, еңбекқор Қарлығаш Сапарқызы университет шеңберіндеұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, студенттерге тағылымды үлгі беріп келеді.

Бүгінгі күні әрбір маман күнделікті еңбегінде түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға әрдайым дайын болуы керек. Осы жолда рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет болып табылады. Дәл осындай барлық құндылықтар Мұхтарова Қарлығаш Сапарқызының бойынан табылады деп толық сеніммен айтуға болады.

Меруерт НҰРМАҒАНБЕТ,

ЭжБЖМ оқытушысы

 

Ұстаз - білім шырағы

 

Добавить комментарий!

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:

Рекомендуем похожее:

Айдана – ҚазҰУ студенттері ғана емес, қазақ жастарына үлгі

«Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам…» деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жалындаған жас

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

География және табиғатты пайдалану факультетінің «География, жерге орналастыру және кадастр»

Ұстаз адамның жанын емдеуші

Жақыпбек Алтайұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантының

Қос диплом бағдарламасы қаралды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Қытай Халық Республикасындағы Халықаралық

«ТҮРКІ ӘЛЕМІ» ОҚУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

11 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить