» » ҚазҰУ-ға қарап бой түзейді

ҚазҰУ-ға қарап бой түзейді

«ҚазҰУ – отандық білім беруде көшбасшы. Оның озық  дәстүрлері мен иновациялық білім беру үрдісі басқаларға үлгі. Бұл жайлы жақында Астанада өткен жоғары білім беру саласы көшбасшыларының ІІ Еуразиялық форумында да сөз болды. Өзге  ЖОО-лар біздің тәжірибелерімізді енгізуге қызығушылық танытып отыр». Кәсіби маман дайындаудағы ҚазҰУ рөлі жайлы ректор Ғалым Мұтанұлы 17 маусымдағы ректорат мәжілісінде осылай деді. 
ҚазҰУ республикалық ғана емес, халықаралық білім кеңістігінде лайықты орынға ие Орта Азия аймағындағы халықаралық білім беру орталығына айналуды стратегиялық бағыт ретінде ұстанады. Сондықтан да ҚазҰУ қызметкерлері мен оқытушыларына, тәлімгерлеріне биік талаптар қойылады. Өзгерістер мен иновацияларды қабылдау, жоғары академиялық жауапкершілік, кемелдену мен шығармашылық даму, әлемдік тәжірибелерді игеру заман сұранысынан туындап отырғандығын ҚазҰУ ұжымы ұғынып, үздік нәтижеге жету жолында жұмыс істеуде. Сондай жаңашыл үрдістің бірі – биыл үшінші жыл жүргізіліп отырған индикативті жоспар. Ол оқытушы-профессорлар құрамына өз жұмысын жан-жақты жандандырып, жыл соңында көздеген көрсеткішке жеткізуге мүмкіндік береді. Онда студенттермен бірге жасалған жобалар мен жұмыстар да есепке алынып, балл қойылады. Қорытындысында кафедра меңгерушілері, декандар өз ұжымдары бойынша сараптама жасап, кемшін тұстары мен жетістіктерін айқындай алады. Осы аптада 2012-2013 оқу жылындағы индикативті жоспардың орындалуының нақты көрсеткіштері жайлы сөз алған Аккредитация, рейтинг және сапаны басқару жөніндегі орталық директоры Гүлшарат Салауатқызы ішкі академиялық ұтқырлық, ғылыми жарияланымдар бойынша өсу қарқынының артқанын атап өтті. Жалпы нақты қорытындылар бойынша алдыңғы орынға механика-математика, биология және биотехнология, химия және химиялық технология факультеттері шыққан.
«Бұл – жыл қорытындысы. Өсу қарқыны да бар. Бұл жүйені енгізудегі мақсат та осы. Біз заман талабына сай алға жылжудамыз. Зерттеуші университетке бағыт алғандықтан біз жаңалыққа ұмтылуымыз керек», – деп ой қорытқан университет басшысы факультет декандарын жұмысқа деген шығармашылық қарқынды қалыптастыруға шақырды. 
Әйгерім ӘЛІМБЕКОВА

Добавить комментарий!

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:

Рекомендуем похожее:

ҚазҰУ жанынан медико-диагностикалық орталығы ашылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Ёнсе (Оңтүстік Корея) университеті жанындағы

ҚАЗҰУ ШАҚЫРАДЫ!!!

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі

Назарбаев университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ынт ...

12 маусымда Астанада басталған жоғары білім беру саласы көшбасшыларының II Еуразиялық форумы

«ТҮРКІ ӘЛЕМІ» ОҚУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

11 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері

«ЖАНДЫ ДӘЛІЗ»

Наурыз көктемнің алғашқы айында география және табиғатты пайдалану факультеттінде тосын сый болды.

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить