» » Назарбаев университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Назарбаев университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ынтымақтастық меморандумына қол қойды

12 маусымда Астанада басталған жоғары білім беру саласы көшбасшыларының II Еуразиялық форумы аясында Қазақстанның екі іргелі оқу ордасы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Назарбаев университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум рәсімделді. Бұл құжат екі білім ордаларының оқытушы-профессорлар құрамының тәжірибе бөлісуіне сондай-ақ, білім және ғылым, оқу жүйесінің түрлі салалары бойынша екі жақты тәжірибе алмасуға негіз болмақ. Аталған құжатқа екі университеттің басшылары - Ғалым Мұтанов және Шигео Катсу қол қойды.

«Қазірдің өзінде Назарбаев университетінде білім берудің озық тәжірибесі жинақталған. Болашақта ол Кембридж, Оксфорд сияқты Қазақстанның да мақтанышына айналады. Сондықтан біз де оның үшжылдық тәжірибесін өзімізге тартып, енгізуіміз керек. Біздің университетіміздің 80 жылдық тарихы бар. Ол уақыттың ішінде біздің белгілі бір дәстүріміз қалыптасты. Енді, ол дәстүрмен қатар инновацияны да кеңінен қолдану қажет. Әрине, біз шетелдік университеттермен әріптестік байланыстар орнатып келеміз. Алайда өзімізде бар тәжірибені үйлестіріп, бірге дамитын болсақ, ұтатын жеріміз көп», - дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ. Мұтанов.

Назарбаев университетінің президенті Ш.Катсу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың танымал ғалымдарды ғана емес, сондай-ақ, көрнекті саясаткерлерді, қоғам қайраткерлерін қанаттандырып отырғандығын, Қазақстандағы белді университет екендігін атап, қол қойылған құжат қазұулық оқытушылардың әріптес білім ордасына дәріс жүргізуіне мұрындық болатындығын және түрлі зерттеулермен айналысуға жол ашатындығын тілге тиек етті. «Бұл алдымен, білім беру мекемесінің дербестігін анықтайды. Біз статусымызға қарамастан, жаңа университет екендігіміз жасырын емес. Сол тұрғыда бізге алға жылжып, дамып, қазақстандық өзге де жоғары оқу орындарының тәжірибесімен бөлісіп, қабылдау қажет», - дейді Астанада өткен шара барысында Назарбаев университетінің президенті Шиего Катсу.

Айта кетейік, меморандум аясында өзара студент алмасып, екі жақтың зертханалары негізінде оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру көзделген.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий!

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:

Рекомендуем похожее:

ҚазҰУ кәсіби маман даярлайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясы ­– қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси

Қос диплом бағдарламасы қаралды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Қытай Халық Республикасындағы Халықаралық

ҚазҰУ-ға қарап бой түзейді

«ҚазҰУ – отандық білім беруде көшбасшы. Оның озық  дәстүрлері мен иновациялық білім беру

ҚазҰУ жанынан медико-диагностикалық орталығы ашылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Ёнсе (Оңтүстік Корея) университеті жанындағы

ҚАЗҰУ ШАҚЫРАДЫ!!!

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить