» » «ТҮРКІ ӘЛЕМІ» ОҚУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

«ТҮРКІ ӘЛЕМІ» ОҚУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

11 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, белгілі түркітанушы ғалым Алтай Сәрсенұлы Аманжолов құрметіне «Түркі әлемі» оқу кабинетінің ресми ашылу салтанаты өтті. «Игі істің басына жақсы келер қасына» дейді халық. «Түркі әлемі» оқу кабинетінің ашылуы шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Баянжанқызының бастамасымен қолға алынса, факультет деканы Қансейіт Әбдезұлының қолдауымен, университет басшылығы ректор Ғалым Мұтанұлының, бірінші проректор Мұхаметқали Мырзабайұлының мақұлдауымен жүзеге асты.

Салтанатты шарада факультет деканы Қансейіт Әбдезұлы кабинеттің лентасын Алтай Сәрсенұлының әпкесі Күләш Аманжоловамен бірге қиды. Кабинеттің ашылу салтанатына сонымен қатар ғалымның туыстары, жұбайы Айша апай, інісі Орал, ұлы Ерен, немересі Малика, сонымен қатар факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы, магистранттар, студенттер қатысты. Қ. Әбдезұлы Алтай Сәрсенұлының ғылыми-еңбек жолы жайлы жан-жақты ақпарат беріп, ғалымның факультетте қызмет еткен жылдарын еске алды. Күләш Аманжолова ағасы жайлы тебірене сөйлеп, естеліктер айтты. Өз кезегінде сөз алған«Парасат» ҚКИ Гуманитарлық зерттеулер орталығының директоры, профессор Нұрсұлу Шаймерденова өзінің Алтай ағайдың шәкірті болғандығын мақтанышпен айта келе, ғалымның көзі тірісінде жазып бітіріп кеткен кітабын оқу кабинет мұражайына сыйға тартты, сондай-ақ Алтай ағайдың біраз қолжазбаларын тарту етті. Аталмыш кабинеттің ашылуына зор еңбек сіңірген А.С.Аманжоловтың шәкірті, ұзақ жылдар бойы бірге қызмет атқарған әріптесі шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Мадиева ұстазы жайлы сағынышпен, зор тебіреніспен еске алды. Кеш соңына қарай «Қазақ филологиясы» мамандығының 2-курс студенті Марғұлан Ақан «Соңғы лекция» атты авторлық өлеңін оқыды. «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті, университетіміздің мақтанышы, күміс көмей әнші қызымыз Жадыра Мұзбаева мерекеге орай М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» атты тамаша ән шырқады.

Өмірін ғылымға арнаған дара тұлғаның бейнесі, қадір-қасиеті қызметтес болған әріптестерінің, шәкірттерінің әрдайым жадында қалмақ. Кафедра оқытушыларының барлығы дерлік Алтай Сәрсенұлының нағыз ғалымға тән тұлғалық, адами қасиеттері жайында сөз қозғады. Біз білетін Алтай ағай кез келген жұмысты асықпай, баппен, сапалы істеуге ұмтылатын, бастаған ісін ешқашан аяқсыз қалдырып көрген емес. Әрбір іске асқан жауапкершілікпен қарайтындығы қазіргі жастардың бойынан табыла бермейтін асыл қасиет. Алтай Аманжолов нағыз ғалым бола білді. Нағыз ғалым иесіне тән қасиеттерінің бірі ретінде бірнеше тілді меңгере отырып, бір тілді бір тілге араластырмай, таза сөйлейтіндігі жастарға үлкен үлгі-өнеге болатын. Алтай Сәрсенұлы Аманжолов атындағы «Түркі әлемі» оқу кабинеті түркітану ғылымын зерттеуші келешек жастарды қанаттандыра беретініне кәміл сенеміз.

М.К. МАМБЕТОВА,

С.Б. БЕКТЕМІРОВА,

шетел филологиясы және жалпы тіл білімі

кафедрасының доценттері

 

 

«ТҮРКІ ӘЛЕМІ» ОҚУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

 


Добавить комментарий!

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:

Рекомендуем похожее:

Тиімді тәжірибе қарлығаштары

10 маусымдағы кезекті ректорат отырысында сертификат табыстау рәсімі орын алды. Мұнда

ҚазҰУ қызметкерлері біліктілігімен лайықты

Білім беру қызметінің жоғары сапасы – ҚазҰУ-дың басты корпоративті құндылықтарының бірі. Кәсіби

Ұжымдық бірлік – биік кәсіби деңгей

Ұжымдық мәдениет пен бірлік университеттегі жалпы көңіл-күй мен қызметке тікелей әсер етері анық.

Қос диплом бағдарламасы қаралды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Қытай Халық Республикасындағы Халықаралық

ҚАЗҰУ ШАҚЫРАДЫ!!!

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить