«ЖАНДЫ ДӘЛІЗ»
Наурыз көктемнің алғашқы айында география және табиғатты пайдалану факультеттінде тосын сый болды. Ол «Жанды дәліз» шарасы. Қолдарына шоқ-шоқ гүл ұстаған, екі қатарға қатарласа тұрып, 100 метрлік жол жасаған жігіттер факультетімізге келген ұстаздар мен аруларымызды мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті. Арулар өздерін гүлдер әлеміне енгендей сезінді.
Көктем мезгілі бүкіл тірі жанға ерекше сезім беретін жыл мезгілдерінің бір керемет маусымы. Алғашқы мейрамдарының бірі 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні». Бұл мейрам барша адамзат баласының аналарының, гүлдей құлпырған арулардың мейрамы болып табылады.
Осы күнде «Жанды дәліз» шарасынан өзге, география және табиғатты пайдалану факультеті картография және геоинформатика кафедрасы студенттерінің ұйымдастыруымен «Қыз - өмірдің қызғалдағы» атты мерекелік кеш те орын алды. Бұл шаралардың бәрі аяулы ұстаздарға, сұлу да сымбатты ару қыздарымызға арналды.
Кеш барысында Бақытжан Исаханов, Нұрзат Қадырқұлов, Бекзат Ысрайыл, Сержан Құлсамет, Мәди Нұрсейітов, «Глобус» КТК командасы және т.б. өз өнерлерімен көзге түсті.
Осындай тосын сыйды күтпеген арулар мен ұстаздар ұйымдастырылған шараға өз алғыстарын білдірді. Шараларды ұйымдастыруға ат салысқан кафедрамыздың ер азаматтарына үлкен алғысымызды білдіреміз.
З.К. САРСЕМБЕКОВА,
картография және геоинформатика кафедрасының
аға куратор-эдвайзері
Абылай ШАХИЗАДАЕВ,
2 курс студенті
Рекомендуем похожее:
Айдана – ҚазҰУ студенттері ғана емес, қазақ жастарына үлгі
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға
Тиімді тәжірибе қарлығаштары
Ұжымдық бірлік – биік кәсіби деңгей
![]() |
№ 142 (2120) |
Добавить комментарий!