ҚазҰУ жанынан медико-диагностикалық орталығы ашылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Ёнсе (Оңтүстік Корея) университеті жанындағы «Кангнам Северанс» клиникасы медико-диагностикалық орталығын ашу туралы келісім-шарт жасасты.
Қазақстанның оқу орнына арнайы келген Оңтүстік Корейлік делегация іс сапарлары барысында әріптестік және медико-диогностикалық орталығын ашу туралы меморандумға ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов пен «Кангнам Северанс» клиникасы директорының орынбасары Ким Сонг Мун қол қойды.
Жаңа орталық өз жұмысын жаңа оқу жылында бастамақ. «Кангнам Северанс» клиникасы орталықты 750 млн. теңге көлемінде қаржыландырып, медициналық құрал-жабдықтармен және әлемдік стандарт сапасына сай қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Ол - медико-диагностикалық орталығы ҚазҰУ қалашығы аумағында құрылысы жүріп жатқан студенттерге қызмет көрсету орталығында орналасады. «Мұнда оқытушылар мен студенттер заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықтар негізінде медициналық көмек ала алады. Орталықта толық диагностиканы өткен соң, қажет болған жағдайда Оңтүстік Кореяның «Кангнам Северанс» клиникасында жеңілдікпен емделе алады. Сонымен қатар Ёнсе университеті ҚазҰУ-дың медико-биологиялық кластеріне маман даярлау бағдарламасына атсалысады», - дейді кездесуде «Кангнам Северанс» клиникасы директорының орынбасары Ким Сонг Мун.
2011 жылдың тамыз айында Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бактың Қазақстанға арнайы іс сапарында Қазақстан және Корея Республикаларының денсаулық сақтау министрлері ҚазҰУ базасында медика-биологиялық кластер құру меморандумына қол қойған болатын. Диагностикалық орталық осы жоба аясында іске асырылмақ. Бұл жоба биология және биотехнология факультетінде жұмыс істеп, биомедецина бағытын дамыта түспек.
«Халық денсаулығы және денсаулықты сақтау – бұл елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін анықтайтын маңызды факторлардың бірі. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында университеттер алдына тиімді инновациялық инфрақұрылым құру, ғылымға инвестиция тарту, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өмір тәжірибесіне енгізу талаптары қойылған болатын. ҚазҰУ-да медико-биологиялық кластерді ашу жаңа білімге қол жеткізуге және технологиялық жетістіктерді игеруге, сонымен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп оларды тәжірибеге енгізуге негіз болады», - дейді ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов.
Алдағы уақытта ҚазҰУ қалашығында 55 мың ш.м. құрайтын заманауи аурухана, ғылыми-зерттеу зертханасы, қажетті инфрақұрылымы бар медициналық орталық бой көтермек. Бұл жобаны қаржыландыруға 22,8 млрд. теңге шетелдік инвестиция тартылады. Бүгінде жоба-сметасының құжаттамалары дайындалуда, құрылыс жұмыстары 3 жыл көлемінде аяқталады деп күтілуде.
Жобаның іске асуына Сеул ұлттық университеті, Ёнсе (Оңтүстік Корея) университеті жанындағы «Кангнам Северанс» клиникасы, Корё университеті, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Гонконг және Сингапурдың инженерлік-жобалық, құрылыстық және қаржылық кампаниялары тартылуда.
«Кангнам Северанс» негізі 130 жыл бұрын қаланған, елдегі заманауи кореялық медицинаның іргетасы болып табылатын бастыстық үлгідегі алғашқы медициналық мекеме. Клиника барлық медициналық қызметті көрсетіп, кірістің белгілі бөлігі халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарының емделуіне бөлінеді.
Жадыра УМБЕТБАЕВА,
Журналистика факультетінің 3-курс студенті
Рекомендуем похожее:
Нобелевский десант
ҚАЗҰУ ШАҚЫРАДЫ!!!
Назарбаев университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ынт ...
«ТҮРКІ ӘЛЕМІ» ОҚУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
«ЖАНДЫ ДӘЛІЗ»
![]() |
№ 142 (2120) |
Добавить комментарий!