ҚАЗҰУ ШАҚЫРАДЫ!!!

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі орталығы». ҚазҰУ-ға келген сапарында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы осылай деген болатын. Бұл 80 жылдық тарихы бар ҚазҰУ түлектерінің мемлекеттік басқару мен қызметтегі, ғылым мен өнердегі ойып алар орны мен ерен еңбегінің көрсеткіші, еліміздің жетекші оқу орнының ел үшін атқарған қызметіне берілген әділ баға. Елбасы сөзі ҚазҰУ-дың үздік дәстүрлі құндылықтарды сақтай отырып, заманауи білім беретін негізгі оқу орны екенін айқындап отыр. Ендеше, жас дос, сен еліміздің үздік университетінен білім алып, болашақта ел элитасының қатарынан табылғың келсе, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға түс!

Аяулы ата-ана алақанынан, алтын ұя мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басқан сәтте әр жастың алдында таңдау тұрары анық. Жалындаған жас әр нәрсеге қызығып, көңіл шіркін шар ұрады мұндайда. Алайда, мамандық таңдауға ақыл-оймен, салмақты қарау маңызды. Себебі, дұрыс таңдау – жарқын болашақ кепілі. Бұл ретте ата-ананың атқарар рөлі зор екені даусыз. Демек, талапкер, өміріңнің өзің армандағандай жеңістерге толы болуы өз шешіміңе тікелей байланысты. Білімді, талапты да талантты жас, біз сізді дұрыс таңдау жасауға, ҚазҰУ-ға оқуға түсуге шақырамыз. Себебі...

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – QS (Ұлыбритания) Халықаралық рейтингтік агенттігінің мәліметінше, үздік 200-топ ЖОО тізіміне енген әлемнің мықты альма матері қатарында.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 2012 жылғы нәтиже бойынша Webmetrics Ranking of World Universities халықаралық Web-рейтингте 1000 позицияға жоғарылап, Орталық Азия аймақтарындағы ЖОО арасында көшбасшы болды. Онда әлемнің 18 мың университеті сарапқа түскен.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Орталық Азия аймақтарындағы университеттер арасында QS Start – «Үш жұлдыз» ерекшелік белгісіне лайық болған бірінші университет.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның бастамасымен құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған Қазақстан ЖОО арасындағы тұңғыш университет.

ҚазҰУ жетістіктер қоржыны жылдан-жылға толығуда. Бұл – ғаламдық ғылыми-білім беру кеңістігінде өзін танытқан ел білімі мен ғылымының қара шаңырағы ҚазҰУ-дың жүйелі және табысты жұмысының нәтижесі.

Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2000-нан астам тегеурінді оқытушы-профессорлар құрамы еңбек етуде. Отандық ғылым мен білімнің майталмандарымен қоса, жыл сайын университетте шетелдік ғалымдар –Нобель сыйлығының иегерлері дәріс оқып, шетелдік жетекшілер өз тәжірибесімен бөлісуде. Мәселен, 2012-2013 оқу жылдарында университетімізде Нобель сыйлығының лауреаттары Нэш Джон, Кристофер Писсаридес, Мюррей Гелл-Манн қонақта болып, дәріс оқыды. Сондай-ақ әр саланың білгір табысты мамандары факультеттерде көшбасшылық дәріс оқып, студенттің білім кеңістігін кеңейтуге зор үлес қосып жүр. Оқытушылар мен студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік белді ЖОО-лардан іс-тәжірибесі мен ғылыми тағылымдамадан өтіп, біліктіліктерін арттыруда.

Ұлттық зерттеу университетіне айналу жолында кафедралар қайта жасақталып, факультеттер кластерлік негіздегі сипатқа бағыт алды. Университет құрамында 14 факультет, колледж, бейіндік мектеп, 20-дан астам ғылыми-зерттеу институттары, әскери кафедра, технопарк пен студенттік бизнес-инкубатор жұмыс істеуде.

Алматының төрінде орналасқан көрікті ҚазҰУ қалашығында оқу корпустарымен қоса, кітапхана музей, интернет орталық, тамақтандыру комбинаты, спорт кешені мен стадион, велотұрақ, Студенттер сарайы мен кинотеатр және факультет жатақханалары орналасқан. Сондай-ақ университеттің Ыстықкөл жағалауында спорттық-сауықтыру лагері бар. Қалашық толығымен Wi-Fi жүйесіне қосылған. Студенттердің жайлы жатақханада тұрып, сапалы білім алуына мол мүмкіншілік пен жағдай жасалған. Алматының әсем жерлерінің бірі болып табылатын қалашықтың құрылысы күні бүгінге дейін жалғасуда.

Университетте студенттердің ғылыми, мәдени, қоғамдық және спорттық өмірлерін мәнді әрі қызықты ұйымдастыруға бағытталған 100-ден астам ұйымдар мен бірлестіктер жұмыс атқаруда. ҚазҰУ студенттері білім мен ғылымда, қоғамдық шараларда әрқашан үздіктер санатында. Спортта да тәлімгерлеріміз университеттің ғана емес, еліміздің абыройын асқақтатып, намысын қорғауда. Биылғы Лондон олимпиадасына ҚазҰУ-дың 11 студенті өнер көрсетіп, заң факультетінің 3-курс студенті Светлана Подобедова алтыннан алқа тақты.

ҚазҰУ студенттің шығармашылық қабілеттерін ашуға, салауатты өмір салтын ұстануға баули отырып, заманауи кәсіби маман даярлауды басты мақсат етіп ұстанады. Биік мақсат зор жетістіктерге жетелейді.

Құрметті талапкер! ҚазҰУ-ға түс те, арманыңа қол жеткіз! ҚазҰУ-мен бірге биіктерді бағындыр!

Әйгерім Әлімбекова

 

ҚАЗҰУ ШАҚЫРАДЫ!!!

 

Добавить комментарий!

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:

Рекомендуем похожее:

Назарбаев университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ынт ...

12 маусымда Астанада басталған жоғары білім беру саласы көшбасшыларының II Еуразиялық форумы

«ТҮРКІ ӘЛЕМІ» ОҚУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

11 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері

«ЖАНДЫ ДӘЛІЗ»

Наурыз көктемнің алғашқы айында география және табиғатты пайдалану факультеттінде тосын сый болды.

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить