Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға
Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде студент-жастар тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. Университетімізде студенттердің оқу үдерісін игеруде көмек көрсететін ақылшы, жастардың болашақта мәдениетті кәсібилігі жоғары маман ретінде қалыптасуына белсенді араласып жүрген куратор-эдвайзерлердің бірі заң факультетінің 202-топ эдвайзері - Урисбаева Айнұр Аманқұлқызы.
Айнұр Аманқұлқызының тағы бір қасиеті студенттердің оқу, тәрбие ісіне аса жауаптылықпен қарап, барлық атқаратын шараларды егжей-тегжейлі жоспарлауында. Нағыз ақылшы ретінде ол кісі өз төңірегіне студенттерін топтасыра біледі. Топтағы әр студенттің өзіне бекітіліп берілген қоғамдық жұмыстардың тиянақты орындалуының сыры осы жүктемелерді әр студенттің қабілетін дөп басып бөліп берілуінде жатыр. Осы тұрғыдан алғанда Айнұр Аманқұлқызы өз студенттерінің мінез-құлқы мен олардың жеке қасиеттері мен қабілетін тани білетін жан екендігін көруге болады.
Айнұр Аманқұлқызы студенттер мен өз әріптестері арасында үлкен беделге ие. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- дейді халық даналығы. Сол айтқандай Айнұр Аманқұлқызы қай жерде болмасын, қандай жағдайда болмасын жастарға ғалым-педагог және ақылшы ретінде көмегін аямайтын жан. Сонымен қатар Айнұр Аманқұлқызы заң факультетінің оқу, ғылыми, тәрбие және қоғамдық өміріне белсенді атсалысып келеді.
Таяуда заң факультеті студенттер мәслихатының ұйымдастыруымен өткен «Үздік эдвайзер- 2013» атты конкурста Айнұр Аманқұлқызы жеңімпаз атанып, өзінің іскерлік беделін тағы да танытты.
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің
2-курс студенті
Молдахметқызы Алуа
Рекомендуем похожее:
Айдана – ҚазҰУ студенттері ғана емес, қазақ жастарына үлгі
Арманға жетелеген ұстазым
Ұстаз адамның жанын емдеуші
ҚазҰУ қызметкерлері біліктілігімен лайықты
«ТҮРКІ ӘЛЕМІ» ОҚУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
![]() |
№ 142 (2120) |
Добавить комментарий!