Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы
География және табиғатты пайдалану факультетінің «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасыҚазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы оқытушы-профессор құрамымен танылған ең ірі ұжымдардың бірі болып саналады. Себебі мен білім алатын кафедрада 8 ғылым докторы, 14 ғылым кандидаты және PhD докторанттар қызмет атқарады. Олардың ішіндегі профессорлар: г.ғ.д., профессор Г.Н. Нүсіпова, г.ғ.к., профессор С.А. Құсайынов, г.ғ.д., профессор М.А. Асқарова, э.ғ.д., профессор Ж.Т.Сейфуллин, г.ғ.д., профессор Ш.М. Надыров, б.ғ.д., профессор Ж.М. Мамытов, г.ғ.д., профессор Е.Н.Вилесов, г.ғ.к., профессор А.Т.Темірбеков, а/ш. ғ.д., профессор Е.Ү.Жамалбеков, т.б. кафедраның оқытушы-профессорлары студенттерге сапалы білім және саналы тәрбие беріп, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына зор үлесін қосып, өздерінің ерекше қабілеттерімен көзге түсуде.
Кафедраданың оқытушы-профессорларының география, геоморфология, топырақтану, гляциология, ауыл шаруашылығы, экономикалық және әлеуметтік география және т.б. салаларда өзіндік қолтаңбалары бар. Географиялық білім алу барысында геоморфология ғылымының маңызы өте зор және өзекті. Кредиттік жүйеге сәйкес «Геоморфология» пәнінен дәріс беретін ұстазымыз – Қазақстандағы ең ірі геоморфолог маман Құсайынов Сейітқожа Ахмерұлын мақтанышпен айта аламын.
Сейітқожа Ахмерұлы 1954 жылы Ұлттық университетіміздің геология-география факультетіне оқуға қабылданып, 1957 жылы студенттердіңшет елдермен білім алмасу бағдарламасы бойынша Қытай еліндегі Пекин уинверситетіне ауыстырылады. 1961 жылы қытай тілінде география пәнінен диплом қорғаған алғашқы қазақ мамандарының бірі болды. Алғашқы ғылыми зерттеулерін Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Қ.И.Сәтбаев атындағы геология институтында бастады. 1978 жылдан бүгінгі күнге дейін киелі ҚазҰУ шаңырағында дәріс оқып, жастардың ғылыми ізденістеріне дұрыс бағыт-бағдар беруде.
Профессор С.А. Құсайыновтың мемлекеттік тілде жазылған оқулық және оқу құралдарының ерекшеліктері геоморфологияның қыр-сырларын игеруде география және табиғатты пайдалану факультетінде дәріс беру тәжірибесіне сүйене отырып, геоморфология саласындағы көп жылдар бойы жүргізген зерттеулері нәтижесінде жазылған. Сонымен қатар шетел әдебиеттерін, соның ішінде орыс, ағылшын, қытай және неміс әдебиеттерін автордың өзі қазақшаға аударып, сараптау сүзгісінен және ой елегінен өткізіп қайта өңдеп қолданды. С.А.Құсайыновтың «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген «Жалпы геоморфология», «Неотектоника», «Төрттік геология» атты еңбектері қазақ тіліндегі алғашқы еңбектер болып табылады. Үстіміздегі жылда Қазақстандағы геоморфология ғылымының іргесін қалаушылардың бірі профессор М.Ж.Жандаевтың «Өзен аңғарларының геоморфологиясы» атты монографиясын орыс тілінен мемлекеттік тілге аударып, «Қазақ университеті» баспасынан шығарды.
Әл-Фараби атындағы Үлкен күміс медалінің иегері, «Білім сардары» сыйлығының лауреаты, профессор С.А.Құсайынов – шәкірт тәрбиелеуде орны ерекше ғылым адамы.
Мен біріншіден, Қазақ ұлттық университетінің студенті екеніме, екіншіден Сейітқожа Ахмерұлындай ұстазымның болғанына мақтанамын! «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» – демекші, мен болашақта білім кеңістігінде қалықтай ұшып, ұстаз сенімін ақтайтын шәкірт болатыныма сенімдімін.
Баян Шеңгелбаева,
география, жерге орналастыру және
кадастр кафедрасының 2-курс студенті
Рекомендуем похожее:
Ұстаз - білім шырағы
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы...
Ұстаз адамның жанын емдеуші
«ТҮРКІ ӘЛЕМІ» ОҚУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
«ЖАНДЫ ДӘЛІЗ»
![]() |
№ 142 (2120) |
Добавить комментарий!