Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы
26-12-2013, 08:36
География және табиғатты пайдалану факультетінің «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасыҚазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы оқытушы-профессор құрамымен танылған ең ірі ұжымдардың бірі болып саналады. Себебі мен білім алатын кафедрада 8 ғылым докторы, 14 ғылым кандидаты және PhD докторанттар қызмет атқарады. Олардың ішіндегі профессорлар: г.ғ.д., профессор Г.Н. Нүсіпова, г.ғ.к., профессор С.А. Құсайынов, г.ғ.д., профессор М.А. Асқарова, э.ғ.д., профессор Ж.Т.Сейфуллин, г.ғ.д., профессор Ш.М. Надыров, б.ғ.д., профессор Ж.М. Мамытов, г.ғ.д., профессор Е.Н.Вилесов,
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға
26-12-2013, 08:36
Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде студент-жастар тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. Университетімізде студенттердің оқу үдерісін игеруде көмек көрсететін ақылшы, жастардың болашақта мәдениетті кәсібилігі жоғары маман ретінде қалыптасуына белсенді араласып жүрген куратор-эдвайзерлердің
Ұстаз - білім шырағы
26-12-2013, 08:35
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық. Олай дейтінім, мұғалім – біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты менің де таңдауыма себепкер болған баға жетпес ұстаздардың бірі – экономика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы
Тағылымы биік тұлға
26-12-2013, 08:34
Ұстаз тұтар ардақты жанның тағылымы биік, жаны таза, көкірегі ояу, білімі жетік, жүзі жылы болса, білікті ұстаздың өнегесі шәкіртіне де қонары сөзсіз. Осындай біздің асыл жанды, ардақты ұстазымыздың бірі әрі бірегейі – з.ғ.к., профессор м.а. Атаханова Салтанат Кәрібайқызы. Өнегесі мен өмірлік ұстанымы биік Салтанат Кәрібайқызының азаматтық іс жүргізу саласындағы «ТМД және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің азаматтық сот ісін жүргізуге байланысты халықаралық шарттарға қатысу мәселелері», «Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасу кезеңдері және азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы...
26-12-2013, 08:32
«Ұстаз» деген ұлағатты мамандық иелерінің қоғам алдындағы зор міндеті – шәкірт болмысын тану арқылы бейіміне қарай жол сілтеу екендігі баршаға аян.Келешек ұрпақтың жаңа бір өмір белесіне көтерілген сәтте болашағына жол ашып, ұрпағының тәлімді де тәрбиелі, дарынды да білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болып шыңдалуына, жүрегіне имандылық нұрын себуде, зерделі шәкірт қалыптастыруда аянбай тер төгіп, үлгілі еңбек етіп келе жатқан ұстаздар туралы айтылар әңгіме ешқашан таусылмақ емес. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түскен кезде алдымызда біз еңсере алмастай көрінетін қиындық,
Арманға жетелеген ұстазым
26-12-2013, 08:30
Адам баласы өмірге келген күннен бастап, әр нәрсені танып-білуге ұмтылады. Кішкентай сәби сөйлеуге, тәй-тәй басуға ұмтылса, білімге ұмтылған жастар әділдікке, еліне өзіндік бір пайда әкелуге, жаңалықтар мен жаңа технологиялар ойлап табуға ұмтылады деп ойлаймын. Дәл осылай жастарды білімге баулып, тәрбие беріп жүрген, студенттерді әрқашан биікке жетелейтін білікті ұстаз химия ғылымдарының докторы, профессор – Баешова Ажар Қоспанқызы туралы айтқым келеді. Мектеп қабырғасында ғылыми жұмыспен шұғылданып, түрлі конференцияларға қатысып, белсенділік танытып жүрген оқушыларға қатты қызыға
Соңғы нөмір
![]() |
№ 142 (2120) |
ҚазҰУ жаналықтар
Фото
Опрос
Оцените работу движка