» » Ұстазы жақсының ұстамы жақсы...

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы...

«Ұстаз» деген ұлағатты мамандық иелерінің қоғам алдындағы зор міндеті – шәкірт болмысын тану арқылы бейіміне қарай жол сілтеу екендігі баршаға аян.Келешек ұрпақтың жаңа бір өмір белесіне көтерілген сәтте болашағына жол ашып, ұрпағының тәлімді де тәрбиелі, дарынды да білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болып шыңдалуына, жүрегіне имандылық нұрын себуде, зерделі шәкірт қалыптастыруда аянбай тер төгіп, үлгілі еңбек етіп келе жатқан ұстаздар туралы айтылар әңгіме ешқашан таусылмақ емес.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түскен кезде алдымызда біз еңсере алмастай көрінетін қиындық, «қаһарын» шашқан қатал мұғалімдер күтіп тұр деп ойлап, көңілімізді ауыр ой басатын. Қиындықпен де, «қатал» мұғалімдірмен де, керісінше жайдары ұстаздармен де жүздесіп, жаңа әлемге қадам басқандаймыз. Соның ішінде мен үшін орны ерекше, біздің университет қабырғасындағы екінші анамыздай болып кеткен куратор-эдвайзеріміз – СәрияБаймұханқызы. Ол кісі – Есеп және аудит кафедрасынның белді оқытушыларының бірі.

Ең алғаш ол кісі жайлы жоғары курс студенттерінен білдік, олар бізге кафедрадағы ең қатал талапты мұғалім екендігін айтты. Сәрия Баймұханқызының бірінші сабағынан бастап қатты дайындала бастадық, ол кісі әрбір студентті мұқият тыңдап, өткен дәріс сұрақтарын қойып отырып бізді шыңдап, өте әділ бағалайды. Әр бір кураторлық сағаттарды жібермей, ақыл-кеңесін бере отырып, әділ болуға, ешуақытта өтірік айтпауға шақырады. Факультет, кафедра, топ көлемінде түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады. Дәрісті өте түсінікті тілмен, әрбір студенттің санасына сіңіріп беретіндей етіп оқиды. Ал, ол біздерге, студентерге, өмірлік азық болады десем қателеспеймін. Сәрия апай бізбен бірге театрға да, жетімдер үйіне де, табиғат аясына да, түрлі коцерттерге де шығады, бізді жалғыз қалдырған емес. Бірде топпен табиғат аясына шыққанда 7-8 км қашықтықтағы «Түрген» сарқырамасына жаяу көтерілу қажет болды. Оған жету жолында біреулеріміз шыдай алмай артқа қайтып, біреулеріміз шаршап отырып демалып жатсақ, Сәрия апай соңына дейін демалмай бізден бұрын жетіп алды. Сол кезде бәріміз апайымыздың жігерлілігіне таң қалып, ол кісіні жаңа бір қырынан таныдық.

Абай атамыз: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»,– деген ғой. Сол үш қасиетті де мен Сәрия апайдың бойынан көре аламын. Ол кісі – біздің әрқайсымыздың ішкі сырымызды түсінетін, әрбір қиын сәттерде ақыл айтып, теріс кетсек жөнге салудан еш жалықпайтын және ашуды ақылға жеңдіре білетін сүйікті ұстазымыз, тәрбиешіміз.

«Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе, шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе» дегендей, біз үшін сан рет отқа түсіп бізге араша болар, пана мен дана эдвайзерімізді қадірлеп, әрқашан ұстамды және сабырлы Сәрия Баймұханқызына шынайы алғысымды білдіргім келеді.

 

Нұржамал ЕСЕНТАЕВА,

Экономика және бизнес жоғары мектебінің 3 курс студенті

 


Ұстазы жақсының ұстамы жақсы...

 

 

Добавить комментарий!

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:

Рекомендуем похожее:

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

География және табиғатты пайдалану факультетінің «География, жерге орналастыру және кадастр»

Ұстаз - білім шырағы

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше

Арманға жетелеген ұстазым

Адам баласы өмірге келген күннен бастап, әр нәрсені танып-білуге ұмтылады. Кішкентай сәби

Ұстаз адамның жанын емдеуші

Жақыпбек Алтайұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантының

ҚАЗҰУ ШАҚЫРАДЫ!!!

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі

Соңғы нөмір
№ 142
(2120)
ҚазҰУ жаналықтар
Опрос
Оцените работу движка
Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился

Логин
Пароль
Запомнить